Жамбылда 12 жастағы қызды 46 жастағы туысы ұзақ уақыт бойы зорлап келген

23.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Жамбыл облысы Шу ауданында 46 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге алғаш рет 12 жасында аудандағы ферма аумағында заңсыз әрекет жасаған. Кейінірек оның әлеуметтік және қаржылық жағдайын пайдаланып, қылмысты бір жарым жыл бойы қайталап отырғаны анықталған.

Аталған дерек бойынша бастапқыда Қылмыстық кодекстің 122-бабы ("Көрінеу 16  жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер") бойынша іс қозғалған. Кейін тергеу барысында іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") бойынша қайта сараланған.

Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тергеу барысында күдікті  жәбірленушінің отбасының туысы екені белгілі болды. Қазіргі таңда ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью