Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фото: istockphoto.com
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстық істі жан-жақты, толық әрі объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», делінген Жамбыл облысы полиция департаментінің хабарламасында.
БАҚ мәліметінше, қылмыс 1 тамызға қараған түні Т. Рысқұлов ауданындағы Луговая станциясында болған.
Марқұмның отбасы бұл қылмысқа ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы болуы мүмкін деп есептеп, өздеріне мемлекеттік күзет беруді талап етіп отыр.
Марқұмның әпкесі Зарина Дүкенбаеваның айтуынша, түнгі сағат 02:30 шамасында үйдің маңынан төрт-бес рет оқ атылған дыбыс естілген. Шамамен бір сағаттан кейін полиция қызметкерлері Ахметтің ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
Туыстарының сөзінше, спортшы бірнеше оқ жарақатын алған. Олардың айтуынша, оқтардың бірі ауыз қуысы арқылы кіріп, құлағының арт жағынан шыққан. Тағы бір өлімге әкелген оқ арқа тұсына тиген.
Марқұмның әпкесі БАҚ-қа берген сұхбатында бұл қылмыс жергілікті қылмыстық топтың әрекеті болуы мүмкін екенін айтқан. Оның сөзінше, Ахметті әлдебір адамдар өздеріне қосылуға үгіттеген, алайда ол бұдан бас тартқан.
Түркістандағы кісі өлімі: Сот айыпталушыларға 20 жылға дейін жаза тағайындады
Ахметтің жұбайы Алтынай Боранбайдың айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін күйеуі белгісіз адамдармен арада жанжал болғанын айтып, өзін сақ болуға және балаларға мұқият қарауға шақырған.
Марқұмның әкесі Серік Дүкенбайұлы отбасының қауіпсіздігіне алаңдайтынын айтып, өздеріне мемлекеттік қарулы күзет бөлуді талап етті.