Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Әулиеатада таным мен технология тоғысқан ерекше байқау өтті. Байқауды жасанды интелект негізіндегі жүргізуші жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жамбыл облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Жамбыл Жабаев бүгін Instagram-да не туралы жазар еді?» атты рух пен технологияны ұштастырған шығармашылық байқау өткізді.
Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Жасанды интеллект жылы деп жариялау бастамасымен үндесіп, дәстүрлі мәдени мұра мен заманауи цифрлық технологияны біріктіруге бағытталды.
Жаңа форматтағы Наурыз мерекесі: Робот-көкпар ел тұрғындарын таңғалдырды
Байқаудың ерекшелігі – жасанды интеллект негізіндегі «Темірбек» атты цифрлы жүргізушінің қатысуы болды. Іс-шара аясында кітап және робототехника көрмелері ұйымдастырылып, Брайль қарпіндегі басылымның тұсаукесері ұйымдастырылды. Сондай-ақ дрон арқылы әуеде ақын портреті көрсетіліп, Жамбыл мен Құлмамбет айтысының жаңаша форматтағы көрінісі сахналанды. Бұл көрініс ғасырлар үнін бүгінгі технологиямен үйлестірген әсерлі сәттердің бірі болды.
Байқауға өңірдегі жетекші оқу орындары мен мәдени мекемелерден 30-ға жуық жұмыс ұсынылды.
Робототехника – білім берудің өзекті бағыты: Маңғыстау жастарының инженерлік ізденісі
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын – Жақсымбетова Гүлсім, «Әлем» кәсіби білім беру колледжінің кітапханашысы;
ІІ орын – Бейсен Едіге, IT мамандандырылған лицейінің оқушысы;
ІІІ орын – Үркумбаева Айгерім Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің кітапханашысы.
Сондай-ақ «Үздік визуал», «Юмор», «Әдеби сын», «Ой ұшқырлығы» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар берілді.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
Жамбылда байқауды робот жүргізді: Жаңа формат көрерменді таңғалдырды
Технология • Бүгін, 11:59
Қазақстан Тәжікстанға бидай экспортын 1,3 миллион тоннаға дейін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 11:44
Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Қазақстанда инсульттен болатын өлім-жітім 4%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 11:25
Шаруаларға сиыр етінің бағасын 3275 теңгеден асырмау міндеттелді
Экономика • Бүгін, 11:13
Алматыда лай көшкінінен ғимараттың шатыры зақымдалды
Оқиға • Бүгін, 10:57
2026 жылдың ең ықпалды адамдары анықталды
Әлем • Бүгін, 10:50
Алматыдағы нөсер жаңбыр: Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшті
Алматы • Бүгін, 10:41
Әскерде телефон қолдану тәртібі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 10:30
Астанада бірқатар аялдаманың атауы өзгерді
Елорда • Бүгін, 10:22
Жаңбыр, дауыл, тұман: Елімізде ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Бүгін, 10:03
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Сауда • Бүгін, 09:55
Елімізде табиғи газ тұтынушылар саны 13 миллионға жетті
Қоғам • Бүгін, 09:43
Руханият • Бүгін, 09:25
Қаржы • Бүгін, 09:22