Жамбылда ер адам сүйіктісіне берген 2,5 млн теңгені қайтаруды талап етті

10.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қордай аудандық сотында азамат А.-ның азаматша О.-ға қатысты негізсіз байыту сомасын өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы оның отбасын құру ниетімен шамамен 4-5 ай бойы аталған қызбен жақын қарым-қатынаста болғанын атап өтті. Талап қоюшы жауапкерге және оның екі баласына қаржылық қолдау ретінде ақша жіберіп отырған. Байланыс тоқтатылғаннан кейін талап қоюшы барлық ақшаны қайтаруды талап еткен. Бірақ жауапкер қайтарудан бас тартып, оны бұғаттап тастаған.

Талап қоюда ер адам жауапкерден 2,5 млн теңге және мемлекеттік бажды өндіріп алуды сұрады.

Жауапкер талап қоюды мойындамады және талап қоюшының өзі өз еркімен материалдық көмек көрсетуге келіскенін, ақшаны дәрі-дәрмектерге, киімге және басқа да шығындарға жіберіп отырғанын түсіндірді.

— Сот ақшаны талап қоюшының өз еркімен аударғанын және өтеусіз материалдық көмек сипатында болғанын анықтады. Қайтарымдылық не тараптар арасында шарттық міндеттемелердің болуы шарттарында ақша берудің дәлелі берілген жоқ. Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Шешім заңды күшіне енді, — делінген сот таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Жамбыл облысында енесінің атына несие рәсімдеген келін сотталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью