Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Жамбыл облысында 3 адамнан тұратын қылмыстық топ психотроптық заттарды дәріханалар арқылы заңсыз өткізген, деп хабарлайды облыстық сот.
Сотталушылардың бірі 2024 жылы Алматы мен Тараз қалаларындағы дәріханаларды пайдалана отырып, өткізу мақсатында "Трамадол" психотроптық затын ірі мөлшерде сақтаушы тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрған.
"Екіншісі жүйелі түрде жоғарыда аталған психотроптық заттарды Алматы қаласынан Таразға жеткізіп отырған. Ал ұйымдастырушы мен топтың тағы бір мүшесі дәрілерді Тараздағы дәріханада өткізу мақсатында сақтаған. Дәріханаларды тінту барысында екі қалада "Трамадол" психотроптық заты бар 90-нан астам пластикалық флакон табылған", - дейді сот.
Сотталушылар кінәсін мойындамады. Сот үкімімен қылмыстық топты ұйымдастырушы 17 жылға, ал қалған екі сотталушының әрқайсысы 15 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.