Жамбылда сақтандыру компаниясының қызметкері әріптесінің сеніміне қиянат жасады

03.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АЛМАТЫ, 2 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында әріптесінің мүлкін ұрлаған сақтандыру компаниясының қызметкері сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.

Жамбыл аудандық соты қараған қылмыстық істе сотталушыға Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша айып тағылды.

"Сотталушы сақтандыру компаниясында жұмыс істеген. Былтыр желтоқсан айының соңында ол әріптесінің жоқтығын пайдаланып, оған тиесілі 500 мың теңгелік ноутбукты жасырын ұрлап кеткен", - дейді сот.

Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Ол бұл жағдайға ауыр материалдық жағдайға тап болғандықтан барғанын айтты. Ал жәбірленуші шағым түсірмеді.

Сот үкімімен сотталушы бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью