Жамбылдағы жол апаты: Шавкат Рахмоновтың жұбайын жәбірленушілер кешірді

03.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты сот процесі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот отырысы барысында жәбірленушілер Гүлайым Рахмоноваға кешірім бергендерін мәлімдеді.

Сонымен қатар  сотта Гүлайым Рахмонованың бесінші балаға жүкті екені белгілі болды. Қазіргі таңда оның жүктілігінің жетінші айы екені айтылды.

Қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әйелдің артында 2006 жылы туған ұлы қалған.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың жазында Жамбыл облысындағы Алматы – Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында болған. Тергеу мәліметінше, Гүлайым Рахмонова Қарағандыдан Алматыға қарай автокөлікпен жолға шыққан. Көлікте оның әпкесі, ұлы және құрбысы болған.

Жолдың 296-шақырымында Toyota Land Cruiser маркалы көлік тізгінге бағынбай, жол қоршауына соғылып, аударылған. Оқиға салдарынан бір әйел оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханаға жеткізіліп бара жатқан жолда қайтыс болған. Ал Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью