Жан анаңдай шуақты шақ

21.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Баға билеген бүгінгі нарықтың жазылмаған заңы бар. Қазір кез келген кісіден сұраңыз, қаңтар-ақпан айларын «өлі маусымға» балайды. Бұл айларда ақша, сауда туралы әңгіме қозғалса, күмілжіп қалатынын менен де жақсы білесіздер. Ал наурыз туысымен табиғат анамен бірге тіршілік те, экономика да есін жия бастайды. Барлық салаға жан кіреді. Көктем келіп шуағын төккені өз алдына, демек нарықтың күрмеуінің өзі жылдың келуіне тәуелді екен. Бұл да болса заманауи нарықтың өзі жыл басы Наурыз игілігіне иліккенінің бір көрінісі емес пе?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пәрменімен Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, Амал күнінен бастап он күн атап өтуді халық оң қабылдады. «Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе Наурызнамадағы «Ұлттық киім» күні қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығу­шылық арта түсті», дегені есімізде.

Мемлекет басшысы осылай ұйғарғаны нұр үстіне нұр деп білеміз. Бақсақ, мұның да сыры мен шежіресі тереңде екен. Көшпелі һәм отырықшы мәдениет салтанат құрған Ұлы даламызда Наурызды апталап, айлап тойлау ертеден қалыптасқанын тарихтың өзі әйгілейді. Қазыбек би айтпақшы, жақсылықты асыра білген елміз. Әріге бармай-ақ беріден қайырғанда, әулие Мәшһүр Жүсіптің бір емес, бірнеше жазбасында кездеседі. «Жиырма тоғыз жасымда Бұқари шәріпте Ғабдолла ханның Наурызнама тойының ішінде сегіз күн болдым. Дәл сегізінші күн мазаршәриф делінеді. Қожа Бәһуалдин әулиенің басындағы көлшікке қант төгіп, суды қант татытып, жұрт жабыла ішіп, той тарқар болады», дейді екен. Абай, Мәшекең заманынан Наурызнама атауына ие жыл басын көбіне бай, ауқатты кiсiлер ұйытқы болып тойлаған деседі. Және суды қант татытып, көпшілік жабыла ішкен соң, бұқараның тойы­на айналғанын аңдаймыз.

Қазір қазақ даласында осы үрдістің бәрі сақталып тұрғаны көңілге қуаныш сыйлайды. Қашаннан бері қазақ зиялыларының аузынан түспеген мейрамның бүгінгі тұжырымдамасы бұрынғы аңыз-әңгімелердегі Наурыздан бір кем соқпайды. Алғашқы, 14 наурызда Амал туады, Көрісу күні келеді, бұл уақытта күн мен түн теңелетіні былтырдан бері айтылып жүр. Расында телефоныңыздан күн шығатын мезгілмен бататын мезетті қарасаңыз, осы күні теңеседі екен. Демек, бұл көрісу кісілермен қауышу ғана емес, жылмен, күнмен, жарықпен көрісу екенін түсінуге көп ақылдың керегі жоқ. Оның үстіне қазақ осы күні бір жасыңмен демей ме? Бір жылды артқа тастап, жаңа жылға сау өтуіңмен дегенді әйгілейді.

Ескіден қандай лепес қалса да жөн-жосықсыз айтылмағаны көрінеді. Мұнан соң Наурызнаманың онкүндігінде Қайырымдылық, Ұлттық салт-дәстүр, Ұлттық киімдер күні, Шаңырақ күні, Жаңару, Ынтымақ күндерінің әрқайсының әрі жаңа, әрі ескі ғажайып мәндері бар. Бұл белгілер қазір біз осында жүрген соң біліне бермеуі мүмкін, мұндайдың қадірін шетелде Отанын аңсап жүргендер білсе керек-ті. Қалай десек те жыл басы Наурыздың тұжырымдамалық негізі кез келген саналы азаматтың көкейіне қонатынын айтқымыз келеді. Шын мәніндегі жыл келетін жарық күн, көктем мерекесі емес пе? «Ата-анадай елжірер күннің көзі» дейтін уақыт – осы. Қызуы артып күн шығады, қызықтырып гүл шығады, тастан су ағады, ағаш бүршік атады да, жаңарған әлем жан анадай шуағын төгеді.

Жыл сайын жаңа өмірге бастап, шуақ сыйлайтын табиғат ананың осындай өшпес қасиетін тойлайық та, тойласақ. Ендеше, ана жүрегінің мейіріміндей жаңа жыл тек жақсылығымен жарылқасын.

Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Аймақтар • Кеше

Ақтүтек боран кезінде адамдарды құтқарған мұғалім төсбелгімен марапатталды

Марапат • Кеше

Талдықорғанда зейнеткер 5 келіден астам есірткімен ұсталды

Есірткі • Кеше

Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Аймақтар • Кеше

Президент Әкімшілігінің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Марапат • Кеше

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Спорт • Кеше

Дзюдодан Грузиядағы Grand Slam турнирі: Талғат Орынбасар қола жүлдегер атанды

Спорт • Кеше

Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Кеше

Әсет Матаевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қоғам • Кеше

Алакөлге пойыз және әуе билеттері қашан сатыла бастайды?

Туризм • Кеше

Ғылым, білім және Конституция: Қазақстанның жаңа бағытының үш тірегі

Президент • Кеше

Шымкентте DamDastour халықаралық гастрономия фестивалі өтеді

Аймақтар • Кеше

Владимир Путин Мемлекет басшысын референдумның табысты өтуімен құттықтады

Президент • Кеше

Екібастұзда құмар ойындарға қатысқан мемлекеттік қызметшілер анықталды

Қоғам • Кеше

Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью