Жаңа адамдар қозғалысы балаларды қуантты

20.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Олар «Мейірімді Қазақстан» науқаны шеңберінде балалар үйінің тәрбиеленушілерін мұз айдынына апарды. 

Келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, ойыншықтар мен тәттілер үлестірді. Белсенділер бүлдіршіндерге коньки тебуді үйретті. Сонымен қатар жастар мұз үстінде қошемет дәлізін құрып, балғындарды барабан соғып, қарсы алды. Іс-шараға 100-ден астам бала қатысты. «Жаңа ритмге қосыл – мейірімді бол» әлеуметтік акциясы еліміздің басқа да қалаларында ұйымдастырылмақ.

Әлем Әліпбаев, «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсендісі:

- Біз бәріміз түсінуіміз қажет: халықтың негізгі күші – бірлікте, бір-біріне көмектесе алуында. Сол себепті біз ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жинап, оларға осындай жаңажылдық мереке сыйлап жатырмыз. Біздің мақсатымыз – жақсы жасау және мейірім сыйлау. Оған қандай да бір себептің қажеті жоқ.  Кез келген адам, кез келген азамат егер оны шынымен де өзі қалайтын болса, осы мейірімділікті басқаларға бөлісе алатындығын дәлелдегіміз келеді. Бәрін шақырып барлығына күлкі, жылу және махаббат сыйлағымыз келді шынын айтсақ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью