Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жаңа Конституция – өткеннің қорытындысы ғана емес, ел дамуының жаңа дәуірін айқындайтын құжат. Адам құқықтарын күшейту, дәстүрлі құндылықтарды қорғау, зайырлы мемлекетті нақты бекіту, экология мен әйелдер құқығына басымдық беру – жаңа Ата заңда көрініс тапты. Ол билік мүддесінен бұрын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын алдыңғы орынға шығарады. Жалпыұлттық коалицияның Ақтөбе жұртшылығымен кездесуінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, отыз жылда әлем және қоғам өзгерді. Жаңа сұраныстар, жаңа талаптар, жаңа құндылықтар пайда болды. Кейбір мәселелерді қоғам 30 жыл бұрынғыдай емес, қазір мүлдем басқаша қабылдайды.
«Мысалы, экология мәселелерін алайық. Қазіргі қолданыстағы Конституцияда бұл тақырып мүлдем қамтылмаған. Дәстүрлі құндылықтарды қорғау мәселесі де қазір өзекті тақырыпқа айналды. 1995 жылы мұндай міндет қойылған жоқ. Сонымен қатар, жаңа Ата заңда мемлекеттің зайырлық сипаты нақты бекітілген. Бұл да – қоғамда соңғы жылдары қалыптасқан сұраныстардың бірі. Біз, әрине, рухани дамуды, имандылықты қолдаймыз. Бірақ, дей тұрғанмен де, мемлекет пен діннің аражігін ажырату керек. «Неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деген норманы енгіздік. Әйелдердің құқықтарын қорғау да өзекті мәселеге айналды. Жаңа Конституцияда бұған қатысты да нақты нормалар қамтылған. Міне, соңғы жылдары пайда болған осындай сұраныстарды қалайда ескеру қажеттілігі туындады», деді Мемлекеттік кеңесші.
Осы орайда Ерлан Қарин қоғамда жиі талқыланатын мәселе – «Жаңа Конституция тек биліктің ғана мүддесін көздеп отырған жоқ па? Қарапайым адамдардың мүддесі ескерусіз қалған жоқ па?» деген сауалға нақты жауап берді.
«Бұл сұраққа да сенімді түрде жауап бере аламыз. Жаңа Конституция ең алдымен адамдардың мүддесі, құқықтары мен бостандықтарын бірінші орынға қояды. 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Конституция негізінен мемлекет мүддесі мен өкілеттігін қамтыған болса, жаңа Ата заң ел дамуының адами өлшемін енгізді. Сол үшін адам құқықтары негізгі басымдық ретінде айқындалды. Жаңа Ата заңда «адам» деген сөз қазіргі Конституциямен салыстырғанда 1,5 есе көп қолданылған, яғни, 76 рет аталған. Бұл да жайдан жай емес. Мәселе қайта-қайта аталуында емес, мәселе – көптеген нормаларда адамның мүддесі, адамның құқықтары қамтамасыз етілген. Бұл жайт жаңа Конституцияның қарапайым адамдардың мүддесіне бағытталғанын көрсетеді. Себебі, мемлекеттің басты қазынасы да, тірегі де – оның азаматтары», деп түйіндеді Ерлан Қарин.
Соңғы жаңалықтар
Нанға жасырылған сәлемдеме: Өскеменде түзеу мекемесіне телефонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Келісімшарт негізіндегі әскери қызметтің қандай артықшылықтары бар?
Әскер • Бүгін, 15:48
Азия чемпионаты ма әлде темірдей тәртіп пе? Семейдегі пойызды кідірткен қандай жағдай?
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Қоғам • Бүгін, 15:41
Жамбылда оқушылардың әлімжеттігі үшін ата-анаға айыппұл салынды
Қоғам • Бүгін, 15:32
Испания Ұлттық балетінің әртісі Астанада шеберлік сағатын өткізді
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жариялады
Қоғам • Бүгін, 15:06
Қарағандылық маман – Қазақстанның үздік криминалистерінің қатарында
Қоғам • Бүгін, 15:02
Қазақстан зейнеткерлер үшін ең қолайлы елдер рейтингіне енді
Оқиға • Бүгін, 14:58
Алматыда курьерлік қызметке қойылатын талап күшейеді
Қоғам • Бүгін, 14:50
Алты құрлық тыңдаған хабар: Бельгия радиосы Димаштың шығармашылығын дәріптеді
Ән • Бүгін, 14:38
АҚШ-тағы заң мектебінде еліміздің жаңа Конституциялық реформасы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 14:27
«Тұран» футбол клубы сатылымға шығарылды
Футбол • Бүгін, 14:10
«Химфармның» өндірістік әлеуеті артады: Жаңа 38 дәрі-дәрмек шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 13:54