Жаңа автокешен және зауыттар: Қазақстан Қытаймен 10 келісім жасасты

25.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

25 қыркүйекте Алматыда өткен "Қазақстан – Қытай" инвестициялық форумында Қазақстан қытайлық компаниялармен 10 келісімге қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының қатысуымен қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

1. Абай облысы әкімдігі мен Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd. және Inner Mongolia Wanjiang Investment Co., Ltd компанияларының консорциумы арасындағы Абай облысында электролиттік алюминий өндіретін зауыт пен қосалқы жел электр станциясын салу туралы келісім;

2. Абай облысы әкімдігі мен Xinjiang Sanbao Industrial Group Co., Ltd және Inner Mongolia Wanjiang Investment Co., Ltd компанияларының консорциумы арасындағы Семей қаласында ағаш жаңқалы тақтай өндіретін зауыт салу туралы келісім;

3. "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы, China Energy Overseas Investment Co., Ltd және SANY Renewable Energy Energy Co., Ltd компаниялары арасындағы бірлескен жоба әзірлеу туралы келісім;

4. "Kazakh Invest ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен Silk Road Finance Corporation компаниясы арасындағы Астана халықаралық қаржы орталығының базасында Қазақстан Республикасындағы перспективті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталған арнайы инвестициялық қор құрудың негізгі шарттары туралы келісім;

5. Ақмола облысы әкімдігі мен SUNGROW Renewable Development Co., Ltd компаниясы арасында Ақмола облысы аумағында жалпы қуаты 450 МВт жел электр станцияларын салу, жаңартылатын энергия көздері саласы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен "East Motors Corporation" ЖШС арасында "Жеңіл және арнауы автокөліктер шығаратын жоғары технологиялық автомобиль өндірісі кешенін құру" жобасын іске асыру жөніндегі ниеттестік туралы келісім;

7. Түркістан облысы әкімдігі мен "Тұран химиялық компаниясы" ЖШС арасында карбамид тыңайтқыштарын өндіретін зауыт салу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

8. Алматы қаласы әкімдігі мен Guotai Junan Securities (Hong Kong) Limited компаниясы арасындағы Гонконг қор биржасында "dim sum" форматында облигациялар шығаруды ұйымдастыру және сүйемелдеу бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы келісім;

9. Алматы қаласы әкімдігі, Everest Development және SunnyWorld Group компаниялары арасындағы халықаралық брендке тиесілі қонақ үй мен бизнес-орталығы бар көпфункционалды кешен салу жобасын іске асыру туралы келісім;

10. "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы мен China Construction Bank Corporation Astana Branch арасындағы Даму банкінің мақсаттарын қаржыландыру, соның ішінде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларға қаржы бөлу алғышарттарын айқындау туралы келісім.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Қытай" инвестициялық форумында сөз сөйледі. Форум басталар алдында қатысушылар Маңғыстау облысында қайғылы жағдайда қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайдың мәңгі және жан-жақты стратегиялық серіктестігінің тарихи негізі берік әрі тату көршілік пен өзара сенім рухында тың қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қазақстан мен Қытай өндірісін біріктіруді ұсынды

Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ - Тоқаев

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью