Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Айтуынша, Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін әзірлеу жөніндегі тапсырмасы – уақыт талабынан туындаған маңызды бастама. Өйткені азаматтық заңнама қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік қатынастардың негізін құрайды. Ол азаматтардың мүліктік құқықтарынан бастап, кәсіпкерлер арасындағы келісімшарттық міндеттемелерге дейінгі көптеген саланы реттейді.
– Кәсіпкер ретінде жаңа Кодекстің қабылдануы бизнес үшін де, қарапайым азаматтар үшін де маңызды деп санаймын. Мектеп-студияның директоры ретінде балаларға домбыра, жетіген, вокал және актерлік шеберлік бағыттары бойынша шығармашылық білім беру саласында жұмыс істеймін. Күнделікті қызмет барысында ата-аналармен келісімшарт жасасу, қызмет көрсету, ғимаратты жалға алу, серіктестермен өзара жұмыс істеу сияқты мәселелермен бетпе-бет келеміз. Мұндай қатынаста екі тараптың да құқығы мен міндеті нақты белгіленіп, заңмен қорғалуы қажет.
Қазір экономикалық қатынастар айтарлықтай өзгерді. Қызметтің басым бөлігі цифрлық форматқа көшіп, келісімшарттар электронды түрде жасалып, сауда мен қызмет көрсету онлайн платформалар арқылы жүзеге асып жатыр. Сондықтан жаңа Азаматтық кодекс осы өзгерістерді ескеріп, заманауи экономиканың құқықтық негізіне айналуы тиіс, – деді Меруерт Қасымова.
Кәсіпкер жаңа Кодексті әзірлеу кезінде қандай бағытқа ерекше назар аудару қажеттігін атап айтты.
– Біріншіден, азаматтар мен кәсіпкерлердің меншік құқығын қорғау кепілдігін күшейту маңызды. Екіншіден, келісімшарттық міндеттемелердің тұрақтылығы мен орындалуына сенімді құқықтық тетігін қарастырылуы керек. Үшіншіден, кәсіпкерлердің өзара келісім негізінде шарт талаптарын айқындау еркіндігін кеңейту де қажет.
Сонымен қатар жаңа заңнаманы әзірлеу барысында шағын және орта бизнес өкілдерінің тәжірибесі мен ұсыныстары ескерілуі қажет. Өйткені заңның тиімділігі оның қағаз жүзінде ғана емес, күнделікті өмірде және кәсіпкерлік қызметте қаншалықты жұмыс істейтінімен өлшенеді.
Жаңа Азаматтық кодекс азаматтардың құқықтарын қорғап қана қоймай, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға, іскерлік сенімді нығайтуға және ел экономикасының тұрақты дамуына қызмет етуі керек, – дейді ол.