​Жаңа BINOM Жайық мектебіне оқушыларды қабылдау басталды

10.12.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Видеодан жасалған скриншот

Атырау қаласының “Ақ шағала” ықшамауданында «Жайық» BINOM SCHOOL мектебі ашылады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа оқу орны екі ауысымда 4 мың оқушыны оқытады. Оқыту бағдарламасы халықаралық тәжірибе негізінде әзірленіп, отандық білім беру моделіне сәйкес жүзеге асырылады. Сабақтардың 80%-ы қазақ тілінде, 20%-ы орыс тілінде жүргізіледі.
- Құрылысы аяқталған мектепті қабылдау осы жылдың 25 желтоқсанына жоспарланған. Оқу процесі 8 қаңтарда толыққанды басталады. Қазір мектепке оқушылар мен мұғалімдерді қабылдау жүргізілуде. Бүгінге дейін 500-ден астам оқушы мектепке қабылдау үшін өтініш білдірген,- деді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.
Мектеп кітапханасында 10 мыңнан астам кітап жинақталған. Мұғалімдер екі кезеңдік конкурс арқылы іріктелген тәжірибелі педагогтардан тұрады. Мұнда инклюзивті білім беру қарастырылған, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және зерттеу жобаларын жүзеге асыруға барлық мүмкіндік жасалған.
Өтініштер Д.Қонаев атындағы BINOM мектебінде қабылданады.

Бүгін, 12:38

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью