Жаңа халықаралық келісімдер Қазақстанның инновациялық әлеуетін арттырады

08.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сарапшының айтуынша, Қазақстан цифрлық технологияларды экономиканы әртараптандыру және жаңа сапалы өсімге жетелейтін негізгі құрал ретінде қарастырады. 

— ЖИ экономикалық тәуелсіздікті нығайту, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және өндірістік тиімділікті арттыру үшін маңызды. Қазіргі жаһандық үрдісте цифрлық трансформация арқылы бәсекеге қабілетті болуды көздеп отырған мемлекеттер көп. Сондықтан Қазақстан ірі халықаралық серіктестермен бірге цифрлық инфрақұрылымды жаңғыртуға, ақпараттық деректер орталықтарын дамытуға және жасанды интеллект саласында өңірлік хабқа айналуға ұмтылып отыр. Бұл бағыт білімге, инновацияға және адами капиталға негізделген экономика қалыптастырумен тікелей байланысты, — деді сарапшы.

OpenAI, NVIDIA сияқты компанияларымен жасалған келісімдер Қазақстандағы ЖИ индустриясын дамытуды жеделдетеді.

— OpenAI әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарының бірі болса, NVIDIA графикалық процессорлар мен чип өндіруде көшбасшы. Бұл серіктестік Қазақстанға озық алгоритмдерді енгізуге, ЖИ негізделген тілдік модельдерді дамытуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде қуатты есептеу орталықтарын құруға болады. Мұндай серіктестіктер Қазақстанды технологиялық импорттаушы мемлекеттен жаңа инновациялар ойлап табатын елге айналдырады. Әрине, кадрлық әлеуетті күшейту және нормативтік базаны жетілдіру қажет, — деп атап өтті сарапшы.

Boeing компаниясымен жасалған келісімдер де стратегиялық маңызы бар.

— Boeing-пен серіктестік авиациялық саланы дамытуға үлес қосады. Бұл тек ұшақ паркінің жаңартылуымен шектелмей, инженерлік және техникалық қызмет көрсету, кадр даярлау мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ авиа инфрақұрылымын жаңғыртып, транзиттік әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік береді, — деді Нұржан Өмірбек.

Америкалық университеттермен бірлескен білім беру бағдарламалары Қазақстандағы кадр даярлауға айтарлықтай ықпал етеді. 

— Білім беру саласындағы серіктестік елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясының негізгі элементі. Мұндай бағдарламалар халықаралық стандарттар мен зерттеу мәдениеттеріне негізделген жаңа буын мамандарын даярлауға көмектеседі. Әсіресе AI Engineering және жасанды интеллект саласындағы жаңа мамандықтарды меңгеру, дұрыс сауалдар қою сияқты дағдыларға үйретеді. Бұл Қазақстанды жаһандық технологиялық процестердің белсенді қатысушысына айналдырады, — деді сарапшы.

Бұған дейін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа сапары барысында қандай келісімдер жасалғанын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью