Жаңа iPhone ға алданбау: Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға кеңес берді

23.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға лайықты қарттықты қамтамасыз ету үшін қаражатты қайда салған жөн екенін айтты. Бұл туралы одан бүгін Ұлттық банк кулуарында өткен брифингтен кейін сұралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүлейменовтің пікірінше, ең жақсы инвестициялардың бірі - балалардың білімі мен дамуы.

"Ең жақсы инвестиция - бұл балаларға салынған үлес. Олар зерек, жан-жақты дамыған болуы үшін қаражат аямау керек. Мектепке дейінгі, мектептегі білім, спорт - міндетті түрде қажет. Бұл - депозит", - деді ол.

Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарына ұқыпты қарауға және ақшаны өткінші қалауларға жұмсамауға кеңес берді.

"Әрине, зейнетақы жинағын көп жұмсаудың қажеті жоқ. Әр шешімге ақылмен келу керек. Жаңа iPhone, жаңа теледидар, жаңа көлік сияқты өткінші сәттерге бой алдырмаған жөн. Меніңше, мұның бәрі - уақытша нәрсе", - деп атап өтті Сүлейменов.

Ол қаражатты жеке дамуға да салған абзал екенін айта кетті.

Бұған дейін біз қазақстандықтардың өмір бойғы зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап ала алатыны туралы жазған болатынбыз.

Еске сала кетейік: 23 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,25-тен 15,75 пайызға дейін төмендеткен болатын. Бұл шешім қыркүйекте 9,3 пайызды құраған инфляцияның баяулауымен байланысты қабылданды. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі жоспарлы шешім 2026 жылғы 4 желтоқсанда жарияланады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью