Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Атырауда жаңа Салық кодексіне сәйкес салықтық тексерулердің мерзімдері өзгерді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде №2 аудит бөлімінің басшысы Мейрхан Зинуллин мәлімдеді. Оның айтуынша, енді тексерулердің кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру және хронометраждық зерттеу сияқты түрлері бар.
Жаңа ережелерге сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен бөлімшесі жоқ мекемелерге қатысты тексерулер бұрынғыдай 45 жұмыс күніне дейін емес, 40 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Ал жоғары тұрған органның шешімімен бұл мерзім 50 жұмыс күніне дейін созылады. Бөлімшелері бар заңды тұлғаларға қатысты тексеру мерзімі 65 жұмыс күніне дейін белгіленіп, қажет болған жағдайда 160 жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
Мейрхан Зинуллиннің айтуынша, бұл өзгерістер кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және салықтық бақылаудың ашықтығын арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, салық төлеушілердің тексеру нәтижелерімен танысуға, түсініктеме беруге және шағым жасауға құқығы бар екені де атап өтілді.
Бүгін, 12:08