Жаңа Конституция ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік әділеттіліктің құралына айналады

17.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) елордада жаңартылған Ата заң нормаларын аграрлық экономика секторына тиімді етуге арналған сараптамалық кездесу өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы – қабылданған конституциялық өзгерістер аясында жер үлесі иелерінің құқықтарын қорғау және жеке қосалқы шаруашылықтардың (ЖҚШ) құқықтық мәртебесі төңірегінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шараны ЖСДП төрағасы, Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов ашып, жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты партияның бағдарламалық мәлімдемесін жасады. Республикалық референдумның ресми қорытындыларын (қатысу − 73,12%, қолдау − 87,15%) бағалай отырып, ел азаматтардың сенімі мен саяси күштерге бұрын-соңды болмаған ерекше жағдайдағы тарихи жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

«Референдум нәтижесі, мәреге жету емес, бұл енді барлығының бастау нүктесі болып отыр. Біз жаңартылған Конституцияның әрбір әрпі нақты жұмыс істейтін заңға айналуы тиіс болатын кезеңге қадам басып отырмыз. Ерекше атап өтерлігі, Конституциядағы 8-бап ендігі кезекте жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі екенін бір жола шегендеді. Бұл біздің басты бағдарымыз. Біз үшін, социал-демократтар үшін, бұл құқықтық қорған әрбір отбасы үшін ерекше маңызды. ЖСДП фракциясы шартты жер үлестері мәселелері бойынша заң жобасына бастамашылардың бірі болып, Жер кодексінің 79 және 101-баптарында жерді кепілге қою кезінде ЖШС-лардың өктемдігін шектейтін түзетулер енгізді. Бұл халықтың ұлттық байлыққа деген Конституциялық құқығын тікелей жүзеге асырады», деді Асхат Рахымжанов.

Дауыс беру қорытындысының саяси маңызы мен бұл үдерістегі өңірлердің рөлін ЖСДП төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай атап өтті. Оның айтуынша, референдум нәтижелері партияның бүкіл ел бойынша өзгерістерге деген жалпыұлттық сұранысын растады.

«Референдум қорытындысы көрсеткендей халық саналы түрде өздерінің жаңа құқықтық жағдайларын таңдағанын көрсетті. Бұл Конституцияның 1-бабында нақты көрсетілген. «Әлеуметтік мемлекет» тұжырымдамасының маңыздылығын Алматыдан бастап ең шалғай аудандардағы азаматтардың сезініп, жоғары белсенділік көрсеткенін байқадық. Мұндай қатысу деңгейі – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі өзгерістерге берілген қуатты мандат», деп атап өтті Тазабек Сәмбетбай.

«AMANAT»: Референдум ұлтымызды ұйыстырды

Кездесудің практикалық бөлімінде жер үлестерін бөлу мәселесінің көпжылдық проблемасына ерекше назар аударылды. Пай иелерінің құқықтарын қорғауға маманданған ЖСДП Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов жаңа құқықтық жағдай ескі жер дауларын шешуге жаңаша мүмкіндік беретінін айтты.

«Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы мыңдаған ауыл тұрғындарының құқықтарын қалпына келтірмей жүзеге аспайды. Конституцияның 29-бабының жаңа редакциясы меншік құқығын императивтік норма ретінде бекітті, біз мұны пай иелерін қорғауда пайдаланамыз. «ЖШС туралы» заңға (46, 48-баптар) үлесті бөліп беру мәселесі бойынша болатын жиналысты 1 ай ішінде шақыруды міндеттейтін түзетулер енгізілді. Бұл Конституция преамбуласында көрсетілген «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының салымдарын инфляциядан қорғау үшін жарғылық капиталды әр 3 жыл сайын міндетті түрде қайта бағалауды ұсынамыз», деді Максұт Насибулов.

Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл аумақтарының өміршеңдігі мәселелерін ЖСДП-ның Астаналық филиалының төрағасы Талғат Омаров көтерді. Оның пікірінше, бүгінгі таңда әлеуметтік тұрақтылықтың негізі ретінде жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) ерекше конституциялық назарды қажет етеді.

«ЖҚШ ауыл шаруашылығы өнімінің 50%-ына дейін өндіреді, бірақ әлі күнге дейін «көлеңкелі аймақта» қалып отыр. Біз бастамашылық етіп отырған жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) туралы заң жобасы Конституцияның жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты 88 және 91-баптарымен толық үйлеседі. Біз жайылымдар мен шабындықтарды басқару функцияларын тікелей жергілікті қауымдастықтарға беруді ұсынамыз. Біздің мақсатымыз – ауыл тұрғындарының ресурстарға тікелей қол жеткізуін қамтамасыз ету. Өйткені әлеуметтік әділеттілік өз жерінде адал еңбек етіп табыс табу мүмкіндігінен басталады», деп атап өтті Талғат Омаров.

Түркия Қазақстандағы конституциялық референдумды құптады

Талқылау барысында сарапшылар мен аграрлық сектор өкілдері парламенттің кәсіби бірпалаталы жүйесіне көшу және Халық кеңесін құру ауыл тұрғындарының қажеттіліктері бойынша шешім қабылдау орталықтарына тез әрі тиімді жеткізуге мүмкіндік береді деген ортақ пікірге келді. ЖСДП референдумда нақтыланған, халықтың еркін іске асырудың негізгі бақылаушысы рөлін өз мойнына алады.

Соңғы жаңалықтар

Президент: Жаңа Халық Конституциясы – келер ұрпақпен бірге жасай беретін қасиетті құжат

Президент • Бүгін, 14:34

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға қол қойды

Президент • Бүгін, 14:20

Президент Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты

Президент • Бүгін, 14:15

Елімізде жол құрылысына бөлінген бюджет талан-таражға түскен

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:49

Таяу Шығыстағы шиеленістің әсері: Формула-1 жарыстарының екі кезеңі өткізілмейді

Әлем • Бүгін, 13:38

Тұрғын үй саудасы бәсеңдеді: Сұраныс неге екі есеге азайды?

Қоғам • Бүгін, 13:18

Digital Nauryz: Өңірлерде ЖИ бойынша оқыту іс-шаралары өтеді

Жасанды интеллект • Бүгін, 12:57

Айт намазының кестесі жарияланды

Қоғам • Бүгін, 12:42

Петропавлда 37 жастағы азамат өзіне қол жұмсады

Оқиға • Бүгін, 12:33

Атырауда мектепте жарақат алған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Ғалымдар онкологиялық аурулардың алдын алуға арналған қоспа әзірлеп жатыр

Медицина • Бүгін, 12:15

Наурыздағы ҰБТ: 117 талапкердің нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 12:12

«Астана опера»: Өнер ордасы өрісін кеңейтті

Өнер • Бүгін, 12:07

Олимпиадаға дайындық барысын қолдау: Спортшыларға қомақты қаржы берілді

Спорт • Бүгін, 11:56

Елдегі ақылы жолдарда төлем мерзімдері өзгерді: Жүргізушілер нені ескеруі керек?

Қоғам • Бүгін, 11:42

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью