Жаңа Конституция ауылдарды дамытуға жағдай жасайды Коалиция

24.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың жетекшілігімен Қарағанды облысына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жұртшылықпен, профессорлық-оқытушылық құраммен, студенттермен, шахтерлермен, мәдениет қайраткерлерімен, жергілікті мәдени қауымдастық пен ауыл тұрғындарымен кездесулерде қарағандылықтар жаңа Ата заңды қолдайтындықтарын білдірді.

Жаңа Конституция нормалары жөніндегі талқылау Қарағанды облысының жұртшылығымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесуден басталды. Достық үйінде қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, мәслихат депутаттары және пікір көшбасшыларынан құралған 200-ге тарта адам жиналды.

Кездесудің негізгі тақырыптары – биліктің барлық тармағын жаңарту, этносаралық бейбітшілік мәселелері, қазіргі қоғамдық келісім институттарының трансформациясы және жаңа консультативтік орган – Халық кеңесін құру болды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституцияның құндылықтары қоғамды әділдік, заңдылық және барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер сияқты айқын және түсінікті басымдықтар негізінде біріктіретінін атап өтті.

– Тәуелсіздікті сақтау мен нығайту жолындағы басты міндет – мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын және тұтастығын қамтамасыз ету. Бұл мәселе жаңа Ата заң жобасында нақты көрсетілген. Онда билік институттарының құзыреттері мен функциялары айқын әрі нақты белгіленіп, олардың арасындағы теңгерім толық сақталған. Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстанда Президенттік басқару формасы сақталады. Мемлекет басшысы Конституцияның кепілі болып, мемлекеттік аппараттың үздіксіз, үйлесімді әрі жүйелі жұмысын қамтамасыз етеді, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, жаңа Конституция президенттік реформалар бағытының жүйелі іске асырылуы мен кең ауқымды қоғамдық талқылаудың нәтижесі болды. Ата заң еліміздің барлық азаматтарына тың мүмкіндіктер ашады және саяси жүйенің барлық құрылымын қоғамның ең өзекті сұраныстарына сәйкес қайта жүктейді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің трансформациясы туралы сөз қозғалғанда коалиция мүшелері Ассамблеяның тұрақтылықты қамтамасыз етіп, этносаралық келісімді нығайтуда маңызды тарихи рөл атқарғанын атап өтті. Президент ұсынған жаңа институт – Халық кеңесі халық бірлігін нығайтудағы жаңа қадам болып, этномәдени бірлестіктердің өкілдерін, мәслихат депутаттарын және азаматтық сектор өкілдерін біріктіруге тиіс.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өз сөзінде Халықтық Конституция қоғамдық келісім, халық бірлігі және этносаралық диалог қағидаттарын нығайтатынын атап өтті. Оның айтуынша, құжат «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» қағидатын бекітіп, этносына немесе өңіріне қарамастан барша азаматтардың мүмкіндіктерінің теңдігіне кепілдік береді.

Аймақтық коалиция мүшесі және «Вайнах» бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев Қарағанды тарихи тұрғыда көпэтносты өңір екенін атап өтті. Қазіргі уақытта мұнда 60-тан астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ол жаңа буын Ассамблея мүшелерінің қоғамдық жұмысқа белсене араласатынына тоқталды. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді, Халық кеңесінің құрылуына ерекше назар аударды. Бұл көпұлтты өңірлердің ерекшеліктерін ескеруге және қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты күшейтуге мүмкіндік береді.

Мазмұнды әңгіме Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінде зиялы қауым өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам және студент жастар арасында жалғасты. Талқылауға шамамен 500 адам қатысты. Ашық форматтағы диалог қатысушыларға жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңыздылығы, білім беру жүйесінің болашағы, жастар мен интеллектуалды еңбектің ел дамуына қосатын рөлі жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Кездесуде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа Ата заң жобасында ел дамуының басым бағыттары ретінде алғаш рет ғылым мен білім бекітілгенін атап өтті. Бұл – Қазақстанның болашақта білім мен ағартуға негізделген, интеллектуалды және білімді ұлт құру жолын таңдағанының айқын көрінісі.

Коалиция мүшелері қоғамда жаңа Конституция жобасының мазмұны туралы терең пікір қалыптастырушы ретінде оқытушылар мен академиялық қауымдастықтың рөлін ерекше атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар бұл құжат Қазақстанның орнықты дамуы үшін жаңа негіз қалыптастыратынын, онда білім беру, ғылыми-зерттеу қызметі, ғылыми жобалар мен инновациялық бастамаларды қолдау басым бағыттарға айналатынын айтты.

«Qarmet» кәсіпорнында шахтерлер мен металлургтердің кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен және өкілдерімен әңгіме мазмұнды өтті. Кәсіподақ өкілдері жаңа Конституция мәтінімен танысқанын және ондағы негізгі идея – «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидасын толық қолдайтынын атап өтті. Еңбек адамдарының пікірінше, құжаттағы негізгі басымдықтар - тыныштық пен тұрақтылық, ертеңгі күнге сенім және отбасыларының амандығы мен әл-ауқаты болып отыр. Сондықтан бұл құндылықтардың жаңа Ата заң жобасында бекітілуін олар зор ықыласпен қабылдады.

Ақындар, жазушылар мен термешілердің қатысуымен өткен диалог шығармашылық мамандықтарды қолдау, тарихи дәстүрлерді сақтау және мәдени мұраны жаңа Конституцияда бекіту мәселелеріне бағытталды.

Коалиция мүшелері зиялы қауым назарын алдағы референдумның тарихи маңыздылығына аударды. Жаңарған Ата заңдағы өзекті жаңашыл нормалар Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтауға, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, татулық пен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ ғылым, білім, инновациялар мен зияткерлік саланың дамуын конституциялық деңгейде қолдауға бағытталғаны атап өтілді.

Жалпыұлттық коалицияның сапары Бұқар-Жырау ауданына қарасты Гагарин ауылында өз мәресіне жетті. Мұнда ауыл тұрғындары – қандастар, қарттар, жастар, белсенді азаматтармен кездесу өтті.

Талқылаудың басты тақырыбы Ата заңның жаңа редакциясында адамның өмірі мен қадір-қасиетінің ең жоғары құндылық ретінде бекітілуі болды. Бұл барлық азаматтардың білім алуын, медициналық қызметпен қамтылуын және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Ауыл тұрғындарын әсіресе осы құқықтарды іске асыру үшін мемлекет ауылды дамытуды, аграршыларды, кәсіпкерлерді және жастарды қолдауды өз міндеттене алғаны қуантты. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нормалардың бірі – адами капиталды білім, ғылым және инновациялар арқылы дамыту болды.

Барлық кездесулердің қорытындысы бойынша Қарағанды облысы тұрғындары жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, референдумға қатысу елдің алдағы бағытын қалыптастыратын маңызды қадам екенін атап өтті.

Жалпыұлттық коалицияның баспасөз қызметі

Суретті түсірген: Әли Ғалым, Талғат Тыныбаев

Дайындаған: «AMANAT MEDIA GROUP» ЖШС

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

«AMANAT» партиясы» ҚБ қаражатынан төленді

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью