Жаңа Конституция цифрлық қауіпсіздік кепілі: Заңгер маңызды өзгерістерді түсіндірді

11.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Кездесу барысында сарапшылар Ата Заң жобасына алғаш рет азаматтардың виртуалды әлемдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар енгізілгенін атап өтті.

– Қазір қызметіміздің басым бөлігі цифрлық форматқа көшті. Мәселен «Қазгидромет» орталығының өзі климаттық деректерді цифрлық жүйелер арқылы жинап, өңдейді. Сондықтан адамдардың цифрлық құқығы, яғни жеке қауіпсіздігіне қатысты жаңа нормалардың енуі өте маңызды. Айта кететін жайт, мұндай нормалар көптеген дамыған мемлекеттердің конституциясында әлі күнге дейін жоқ, – деді заңгер Уәлихан Ахатов.

«Қазгидромет» орталығының Алматы бөлімшесінде 70-тен астам маман жұмыс істейді. Олар табиғи құбылыстарды бақылап қана қоймай, мемлекеттік маңызы бар ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігіне де жауап береді.

Сарапшылардың пікірінше, конституциялық деңгейдегі кепілдіктер дербес деректерге қол сұғылмауына, киберқылмысқа қарсы тұруға мүмкіндік береді.

– Ұсынылып отырған өзгерістер әрбір азаматтың цифрлық кеңістіктегі құқығын қорғауды нығайтады. Бұл тек техникалық емес, ең алдымен заңдық кепілдік. Азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі мемлекет тарапынан басты назарға алынуы демократиялық қоғамның дамуына серпін береді, – деп түйіндеді заңгер.

Еске сала кетейік, Алматыда 15 наурызда қоғамдық көлік тегін болады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью