Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 18 наурыз– Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында заңнаманы жаңа Конституцияға сай келтіру мәселесі қаралды.
Осы орайда оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова алдағы шаралар жайында баяндады.
Ал премьер-министр тағы бір маңызды мәселені ұмытпау қажеттігін ескертті.
"Оқулықтарды жаңарту - өте маңызды мәселе. Біз мүлдем жаңа кезеңге аяқ бастық. Сондықтан Әділетті Қазақстан, Заң мен Тәртіп, таза Қазақстан және басқа да қағидаттар оқулықтарға міндетті түрде енгізілуге тиіс. Бұны бақылауға алыңыз", - деді Бектенов.
Министрлік өскелең ұрпақты оқытудың және лайықты тәрбиелеудің барлық сатыларында білім беру сапасын арттыру арқылы зияткерлік ұрпақты қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.