Жаңа Конституция қабылданды: ресми мәліметтер жарияланды

17.03.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2026 жылғы 15 наурызда өткен дауыс беру нәтижелері туралы хабарлады.

Комиссия мәліметі бойынша, референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 482 613 адам. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12 процент.

Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15 проценті. Қарсы дауыс берген азаматтардың саны – 898 099. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.

Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі немесе 73,12 пайызы қатысқандықтан, референдум өтті деп есептелді.

Сонымен қатар республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептеледі, өйткенi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екiсiнде  дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы немесе 87,15 пайызы оң шешiм қабылдады.

Бүгін, 10:10

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью