Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, "Amanat" партиясының қоғамдық саясат институтының Telegram-арналарында және Khabar TV, Qazaqstan TV Youtube-каналдарында тікелей эфирде көрсетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық платформаның бірінші панельдік сессиясы өз жұмысын аяқтады. Сессия саяси трансформация, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, сондай-ақ мемлекеттік институттардың үйлесімділігі мен басқарылуын күшейту мәселелеріне арналды.
Алғысөзді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин сөйледі.
Пікірталасты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов жүргізді.
Сессия спикерлері ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, саясаттанушы, қоғам қайраткері Марат Шибутов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым мен Никита Шаталов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректор- Басқарма мүшесі Индира Рыстина сөз сөйледі.
Заң сапасы мен саяси бәсекеАйдос Сарым, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
«Шын мәнінде қазіргі заманда заңдарды өте тез, дер кезінде қабылдау қажет, екінші жағынан, саяси бәсекені арттыратын мүмкіндіктерді де қарастыруымыз керек.
Заң сапасы маңызды мәселе. Қазіргі кезде біз үш оқылымды ұсынып отырмыз. Кей жағдайларда бұл бес-алты оқылымға дейін баруы мүмкін»,-деді.
Құрылтай мен Халық кеңесі институтының рөліЕрлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Тұрақтылықты қалыптастырудың демократиялық әдісі ретінде Құрылтай мен Халық кеңесі институты енгізіліп отыр. Құрылтайға келетін болсақ, Қазақстанда өте мықты президент институтын сақтай отырып, Құрылтай әртүрлі билік тармағында бақылау функциясы артып отыр.
Біріншіден, үкіметті бақылау функциясы. Екіншіден, бюджетті бақылау функциясы. Үшіншіден, мемлекеттік органдарды бақылау функциясы.
Егер бюджетті талқылау кезінде Құрылтай бюджетті қолдамаса, онда бұл үкіметке деген сенімсіздік вотумы болып саналады.
Екіншіден, депутаттардың үштен екісі белгілі бір министр өзінің қызметін орындай алмай жатыр деген шешім қабылдаса, онда Президент сол министрді қызметін орындай алмай жатыр деген шешім қабылдаса, онда Президент сол министрді қызметтен алуға міндетті болады»,-деді.
Өңірлік даму және жаңа әлеуетСәдуақасова А. К., ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану жәе дінтану институтының бас директоры:
«Қазіргі таңда біздің өңірлеріміздің саны жиырмаға жетті. Соңғы 3-4 жылдағы әкімшілік реформа нәтижесінде жаңадан қалыптасқан өңірлеріміз бар. Сонымен қатар жаңадан инновациялық жаңа смарт қаланы құрылысы басталуда. Сондықтан біздің әлеуетіміз осы жағынан да өсіп келе жатыр. Осыны ескере отырып, өңірлердің дауысы қаттырақ және айқын шығады деп ойлаймын.
Ал өңірлердің өмір сүру деңгейі өте маңызды, өйткені- ол біздің жалпы халқымыздың көпшілік бөлігі өмір сүріп жатқан нақты локалды аймақтар. Қазіргі таңда локалды және глобалды форматта өмір сүріп келе жатырмыз»,-дейді.
Халық кеңесінің тарихи негіздеріАйгүл Сәдуақасова, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану жәе дінтану институтының бас директоры:
«Халық кеңесі - бұл қазір тек қана кенеттен, ойға келген немесе пайда болған орган деп айта алмаймыз. Оны Президенттің өзі нақты айтты.
Бұл жерде біз егеменді 35 жылдық тарихымызда жинақталған өз тәжірибемізге сүйенеміз. Ал ол тәжірибеміздің ішінде не бар? Бұл жерде 1995 жылы Казахстан халық ассамблеясы.
Бұл жерде 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде, жүйелі түрде өтіп келе жатқан, әлемде брендке айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Біз осы уақытқа дейін сегіз съезд өткіздік.
Және де соңғы 5 жылдықта белсенді жұмыс атқарған ашық сарапшылар алаңы – Ұлттық Құрылтай бар.
Сондықтан Халық кеңесі өзіне дейінгі үш негізгі институттар тарихын жинақтап, жаңа институционалдық деңгейге шығатын алаң»,-деді.
Халықаралық шарттар және құқықтық айқындықҮнзила Шапақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:
“Халықаралық шарттардың ел аумағында қолданылу механизмін заң арқылы белгілеу арқылы біз құқықтық айқындықты анықтап береміз және іргелі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын сақтаймыз. Кепілдіктерді, азаматтарымыздың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етеміз. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, біз заң, міне, халықаралық шартты міндеттемелердің ратификациялауға дейін сұрақта болатын болса, Конституциялық сот арқылы олардың Конституцияға сәйкес келетіндігі туралы тұжырым жасата аламыз”,-дейді.
Балалар құқығы және мемлекеттік кепілдіктерЗакиева Динара Болатовна, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:
«Конституция жобасына сәйкес - балаларды тәрбиелеу, оларға қамқорлық жасау ата-ананың басты құқығы және міндеті болып табылады. Яғни, ата-аналардың басты құқығы бар. Ал мемлекет балалардың құқығын қамтамасыз етіп, қауіпті жағдайларда немесе балалардың құқығы бұзылған жағдайларда араласады.
Мысалы, қазіргі таңда әлеуметтік салада мемлекет балалардың құқығын қамтамасыз етіп, отбасыларға қолдау және көмек көрсетеді. Осы бағытта қазіргі таңда елімізде түрлі 49 қызмет бар және 15 түрлі жәрдемақы көзделген.
Сонымен қатар, қабылданған заңдарға сәйкес барлық өңірлерде, әр ауданда отбасыны қолдау орталықтары ашылды, мобильдік топтар құрылды. Бұл мобильдік топтар былтыр 13 мың қиын жағдайда тұратын отбасыларды анықтап, отбасылық орталықтарға сүйемелдеуге қабылданды»,-деді.
Осылайша, сараптамалық платформа аясындағы алғашқы панельдік сессияда Конституциялық реформалардың мазмұны, жаңа институттардың рөлі, өңірлік даму, құқықтық айқындық және әлеуметтік кепілдіктер мәселелері жан-жақты талқыланды. Бұл бастамалар елдегі саяси трансформацияның жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам ретінде бағаланды.