Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
- Жаңа Конституция жобасы – бұл жай ғана мәтін емес, ол мемлекеттің жаңа рухын, жаңа бағытын және болашаққа деген нақты міндеттемесін айқындайтын тарихи құжат. Преамбулада алғаш рет «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттары ашық әрі қатаң түрде бекітілді. Бұл екі сөз құрғақ ұран емес, конституциялық бұйрық сияқты күшке ие. Заң үстемдігі мен тәртіп енді ешқандай сылтауға, ешқандай «жағдайға» жол бермейтін мемлекеттің өзегіне айналады, - деді ол.
Сонымен бірге кеңес мүшесі адам құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау міндеті әскери бұйрықтай қатаң сөзбен жазылғанына назар аудартады.
- Білім, ғылым және инновация мемлекеттің басым құндылықтары ретінде танылды. Мәдениет ұлт қауіпсіздігінің жүйесі, ұлттық бірегейліктің тұғыры деп аталды. Табиғатқа ұқыпты қарау корпоративтік пайдадан жоғары қойылды. Осының бәрі бірігіп, мемлекет адам үшін жұмыс істейтін, институттарға сүйенетін, тұлғаларға емес – жүйеге негізделген Қазақстан құру идеясын толық ашады. Шетелде білім алып жүрген жылдарда дамыған елдердің бәрі дәл осындай мызғымас құндылықтарға сүйеніп, ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізгенін көрдім. Сондықтан жаңа Конституция жобасын толық қолдаймын. Бұл – Ұлы даланың мыңжылдық тарихымен сабақтас, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді айқындайтын құжат. Әділетті Қазақстан тек заң мен тәртіппен ғана орнайды, - деді Абылайхан Хангелдиев.
Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жаңа Конституция жобасын талқылау барысында депутат Еркін Әбіл «Ұлы дала» ұғымы жаңа Конституцияда тарихи сабақтастықты бекітетінін айтқан еді.