Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Жаңа Конституция жобасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылды. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оның айтуынша, Конституция адамды және оның құқықтары мен бостандықтарын ең басты құндылық ретінде мойындайды.
– Мысалы, азаматтардың жасына, денсаулығына немесе мүмкіндігіне байланысты әлеуметтік қорғау кепілдіктері де нақты көрсетілген. Қазақстан Республикасының Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары туралы конвенциядан туындайтын халықаралық міндеттемелері жаңа Конституция қабылданған жағдайда да толық көлемде сақталады.
Конституция жобасы тек құқықтық кепілдіктерді бекітіп қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге де мүмкіндік береді. Сонымен қатар мәтіннің қолжетімділігіне ерекше мән берілген: көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін Брайль қарпімен, ал зияткерлік дамуында ерекшеліктері бар адамдар үшін жеңіл әрі түсінікті тілде ұсынылуы көзделген, – деді ол.