Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ой пікір түсті

06.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысына комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша бұған дейін атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.

© Photo : АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді

© Photo : Ақорда

Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова халық қарауына ұсынылған жаңа Ата Заң жобасы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, eGov және e-Otinish порталына жұртшылық тарапынан келіп түскен ой-пікірлер саны 4 мыңнан асқан.

"Азаматтар жобаны бүгінгі талап-тілектер мен қоғам мүддесіне сай келеді деп таниды. Саяси партиялар, республикалық және өңірлік қоғамдық ұйымдар жаңа Конституция қабылдау жөніндегі бастамаға қолдау білдірді", - деп жазылған хабарламада.

Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.

Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтарын редакциялап жатқанын айтты. Комиссияның кезекті отырыстары ертең, яғни 7 ақпанда және келесі аптада өтеді.

Кеңеске сондай-ақ Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Конституциялық комиссия мүшесі – президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев қатысты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью