Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституцияның практикалық маңызы зор екенін айтып, құжатта әкімдіктер күнделікті жұмыс барысында бетпе-бет келетін мәселелер қамтылғанын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Бұл – су мен жер ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық жағдай, әлеуметтік қорғау, білім беру, аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Конституция жобасы біз үшін ең алдымен шешімдер қалай қабылданатынын, оның жүзеге асырылуына мемлекет қандай міндет алатынын айқындайды. Сонымен қатар мемлекеттің егемендігін нығайтуға, азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған тың тұстарын ерекше атап өту қажет. Маңызды құжатта әсіресе экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне айрықша мән берілген. Қызылорда облысы үшін бұл нормалардың маңызы өте зор, – деді Қызылорда облысының әкімі.
Сондай-ақ ол Арал теңізі мәселесіне де тоқталып өтті.
– Арал теңізінің тағдыры – ауыр сабақ. Оның салдарын бүгінге дейін сезініп келеміз. Мемлекеттің қолайлы қоршаған ортаны қамтамсыз ету міндетін, азаматтардың экологиялық қауіпсіздікке байланысты құқығын, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпарат үшін артылатын жауапкершілік туралы нормаларды біз толық әрі саналы түрде қолдаймыз. Бұл біздің өңір үшін тек жалпылама айтылған ұранды сөз емес, болашақ үшін маңызды айрықша құқықтық кепіл болып отыр, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.