Жаңа Конституция жобасында теңге мәртебесі конституциялық тұрғыда бекітіледі Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 9-отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов теңге мәртебесі бекітілгенін айтты, - деп хабарлайда Aikyn.kz 

— Өткен отырыста әріптестеріміз бірнеше ұсыныс енгізді. Олар өте маңызды және көптеген елде конституциялық құқықтық реттеудің нысанасына жатады. Осыған байланысты жобада аталған жаңалықтарды бекітетін нормалар қосымша қарастырылып отыр. Мысалы, теңгені ұлттық валюта ретінде конституциялық тұрғыда бекіту туралы ұсынысты іске асыру мақсатында 2-бап 6-тармақпен толықтырылды. Аталған тармаққа сәйкес, «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, ақша бірлігі — теңге. Теңгені эмиссиялаудың айырықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі, — деді ол.

Оның айтуынша, 2-баптың 6-тармағы 7-тармақ болып өзгертілді. Оның жоба бойынша мазмұны сақталды, яғни Қазақстан Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару үлгісі өзгермейді. 

— 6-бапта мемлекеттік органдарда саяси партия ұйымдарын құруға жол бермейтіні норманы 1-тармақтан дәл сол редакцияда 2-тармаққа көшіру ұсынылады бұл норма аталған баптың 2-тармағының ережелерін қисынды түрде толықтырады деп есептейміз. Аталған тармаққа сәйкес, мемлекеттің қоғамдық бірлестік ісіне, ал қоғамдық бірлестіктің мемлекет ісіне заңсыз араласуына және қоғамдық бірлестікке мемлекеттік орган функцияларын жүктеуге жол берілмейді, — деді Бақыт Нұрмұханов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью