Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Депутат Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарына барғанын, ондағы халықтың қызығушылығы жоғары екенін атап өтті.
— Конституция жобасы қызу талқыланып жатыр. Бұл біздің азаматтарымыздың Қазақстан болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Халықтың басым көпшілігі Конституция жобасын қолдап отыр. Әсіресе тұрғындар жаңа құжаттағы азаматтардың құқығы мәселесін жиі сұрайды. Бұл Конституцияда азаматтардың құқығы мәселесіне 30 бап арналған. Демек алдыңғы Конституция секілді азаматтардың мемлекетке емес, керісінше мемлекеттің азаматқа қызмет етуіне басымдық беріліп отыр, — деді Мәжіліс депутаты.
Жаңа Конституциядағы тұрғындарды қызықтырған ең негізгі тақырып – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері болып отыр. Қазақстан – әлеуметтік мемлекет, ел бюджетінің 40-45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады.
Фото: видеодан алынған скринОның айтуынша, жаңа Конституция жобасында балаларға тегін білімге кепілдік беріліп, орта білім алу міндетті деп жазылған. Ал жоғары білімді жастар конкурс арқылы тегін ала алады. Сондай-ақ елдегі 2,6 млн зейнеткерге зейнетақы төлеу үшін бюджеттің 5/1 бөлігі – 4,9 трлн теңге бөлінеді. Жаңа Конституцияда осындай әлеуметтік міндеттемелер артатын болады.
– Жаңа Конституциядағы бірінші жаңашылдық адам капиталын арттыру болса, екіншісі – Қазақстанның қандай да бір азаматына белгілі бір залал тисе, ол сотта дәлелденсе, мемлекет оған өтемақы төлеуі керек. Бұл мәселе мемлекеттің халық алдындағы құқықтық жауапкершілігі артып келе жатқанын білдіреді. Конституцияда азаматтар құқығы артса, Конституциялық соттың да маңызы көбейеді, – деді Е.Саиров.
Сонымен бірге, жаңа Конституция қабылдасанса, Қазақстан заңдарының басым көпшілігі өзгертіледі.
– Екі айдан кейін Парламент таратылатындықтан, осы екі айда Президент туралы, Құрылтай туралы, Халық кеңесі туралы, Үкімет туралы негізгі заңдарға өзгеріс енгізіп үлгеру керек. Бұл біздің қоғамдық-саяси эконормикалық өмірімізді қайта құратын құжат болмақ. Сондықтан мұны тек саяси реформа емес, құқықтың реформа деп те қабылдау керек, – деді Ерлан Саиров.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын талқылады.