Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қорытынды жобасы жарияланды. Жобада жеке өмірге қол сұғылмау құқығына заңмен кепілдік берілетіні жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: ашық дереккөз
Жаңа конституция жобасына сәйкес жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі.
«Банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпиясы заңмен қорғалады», деп жазылған жобада.
Бұл құқықты шектеуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртіппен ғана жол беріледі.Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әр адамға өз құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжатпен, шешiммен және ақпарат көзiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Жобада сондай-ақ Президенттің кезекті сайлауы, өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды.
Соңғы жаңалықтар
Президенттің кезекті сайлауы: Өкілеттік мерзімі және дауыс беру ережесі нақтыланды
Президент • Бүгін, 09:55
Құрылтай депутаттары қалай сайланады?
Сайлау • Бүгін, 09:42
Қоғам • Бүгін, 09:41
Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі қанша жыл?
Саясат • Бүгін, 09:40
Президент UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады
Президент • Бүгін, 09:40
Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
Ата заң • Бүгін, 09:28
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:19
Әділеттілік пен тұрақтылықты айқындайды
Пікір • Бүгін, 09:05
Партиялық тізімге негізделген сайлау жүйесі
Реформа • Бүгін, 09:00
«Ақылды» транзиттің мүмкіндігі
Экономика • Бүгін, 08:55
Тұрғын үй ережесі түбегейлі өзгерді
Қоғам • Бүгін, 08:50
Түйе сүті шетел нарығына шығады
Экспорт • Бүгін, 08:48
Әбіш әлемімен танысқан оқушылар
Байқау • Бүгін, 08:45
Таным • Бүгін, 08:43
Аймақтар • Бүгін, 08:40