Жаңа Конституциядағы Таза Қазақстан қағидаттары: табиғатты қорғаудың жаңа кезеңі

20.03.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

18 наурызда өткен Үкіметтің жалпы отырысында жаңа Конституцияда бекітілген «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру туралы сөз қозғалды.

Халықтың экологиялық мәдениетін көтеріп, қоршаған ортаға қамқорлықты арттыру бүгінгі заманның қажеттіліктерінің бір. Осы орайда «Таза Қазақстан» акциясы жай ғана науқан емес, ұлттық идеяның негізіне айналғанын ескеру қажет. Сондықтан да 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының преамбуласында табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігі туралы норма қарастырылған. Ендігіде азаматтардың қоршаған ортаны күтуі, ұқыпты қарауы және сақтау міндеті Ата заң деңгейінде бекітілген. 
Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Премьер-министр Олжас Бектенов алдыға қойылған жаңа міндеттерді іске асыру Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық ахуалды жақсартып, халықтың қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруды көздейтін «Таза Қазақстан» бастамасын қолдауға бағытталғанын айтып өтті.

«Бұл орайда экологиялық жауапкершілік нақты құқықтық міндеттемелермен бірге негізгі конституциялық қағидатқа айналады. Экология министрлігі 1 сәуірге дейін Экологиялық кодекске тиісті түзетулерді Парламентке енгізсін», - деп бұйырды Олжас Бектенов. 

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өз баяндамасында тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыру үшін ақпараттандыру жұмыстары, ағартушылық іс-шаралары жүргізілетінін айтып өтті.

«Жоспарланған барлық шараларды дәйекті түрде іске асыру елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, табиғи ресурстарды сақтауға және қазіргі әрі келешек ұрпақтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деді министр Ерлан Нысанбаев өз сөзінде.

Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты және онда «Таза Қазақстан» идеясына басымдық берілуіне байланысты Үкіметтің жоспарынында салалық заңнаманы жетілдіру жоспары тұр екен. Оның ішінде қоршаған ортаның келтіріп жатқан зиянымен емес, келтіруі мүмкін залалының алдын алу үшін не істеуге болатынын анықтап, заң жүзінде икемдеу; Кәсіпорындардың экологияға зияны тимейтін құрылғылармен жабдықталуын қадағалау және қорғашаған ортаға залал келтірмеуі үшін жауапкершігінін арттыру. Сонымен қатар инфроқұрылым мәселелері мен қалдықтарды басқару мәселесі, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды саланы жетілдіруде белсенді пайдалану жоспары биліктің назарынан тыс қалып отырған жоқ екен. 

Қоршаған ортаны қорғау мәселесінде өзге мемлекеттермен бірлесе отырып әрекет ету аса маңызды екені белгілі. Осы ретте Экология және табиғи ресурстар министрі Орталық Азияның басым экологиялық және климаттық мәселелерін талқылау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп Өңірлік экологиялық саммитті өткізу жоспарлануда және оның қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының экология саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы бірлескен декларациясы қабылданады деп күтілуде екенін жеткізді.

Сонымен қатар айта кету керек, Конституциялық нормалар табиғи ресурстарды ұлттық игілік ретінде және оларды қоғамның ұзақ мерзімді мүдделерін ескеріп пайдалануды айқындайды.

Осыған байланысты Министрлік 2035 жылға дейінгі биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасын қабылдады және оның арқасында стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу көзделген.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көрсеткен есепке қарасақ 2021 және 2025 жылдар аралығында жоспарланған 15 миллион ағаштың орнына 18 миллион ағаш отырғызылды. Сондай-ақ қазіргі уақытта елімізде 243 орман тәлімбағы жұмыс істесе, 1 миллион 90 мың гектардан астам жерге сексеуіл көшеттері отырғызылыпты. 

2025 жылы Қазақстанда шамамен 1,3 мыңға жуық (1 294) акция өткізілді, оларға 7 млн-ға жуық азамат (6,9 млн, оның ішінде 781 мың ерікті) қатысты. Сонымен қатар 844 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 1,1 миллион гектардан астам аумақ тазартылды және 2,9 млн жасыл желек отырғызылған екен. 

Айта кетейік 2026 жылға арналған жоспар бойынша Қазақстанда 210,5 миллион көшет отырғызылмақ екен. 
Ал Арал теңізінің кеуіп кеткен табанын орман егу арқылы қалпына келтіру  жоспарланған. Ол 165 мың гектар жерді құрайды.
 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью