Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
— Жаңа Конституцияның соңғы нұсқасын пысықтау туралы келісімге келген болғанбыз. Атап айтсақ, жобаға ұсынылған нормалар Ата заңның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізу ұсынылды. Бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын құрады. Конституция жаңа құрылымда ұсынылып отыр. Оған жаңа редакциядағы Преамбула, 95 баптан тұратын 11 бөлім кіреді. Сонымен бірге 4 бөлім мүлдем жаңа атаулармен беріледі. Пысықталған Конституцияның жаңа жобасы бүгін сіздерге ұсынылады.
Айта кету керек 2025 жылы қазан айынан басталған ауқымды жұмыс нәтижесінде Қазақстанның концептуалды жаңа Конституцияның жаңа жобасы қалыптастырылады. Өткен отырыстар барысында комиссия мүшелері редакциялық сипаттағы бірқатар ұсыныс енгізді, — деді отырысты ашқан комиссия төрағасы Эльвира Әзімова.
Фото: Конституциялық сот
Қазіргі уақытта Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын таныстырып жатыр.
Бұған дейінгі комиссияның 4-отырысында жаңа Конституция Преамбула, 11 бөлім және 104 баптан тұратыны, 2 жаңа бөлім пайда болатыны айтылған еді.