Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
– Келесі бесінші бөлім «Үкіметке» арналып отыр. Бір палаталы Құрылтайға көшуге байланысты көптеген ережелер нақтыланды. Олар Үкімет пен оның мүшелерінің Құрылтай алдындағы жауаптылығы мен есеп беру, сенімсіздік вотумын білдіру, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру мәселелеріне байланысты болып отыр, - деді Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституцияның соңғы нұсқасын таныстыру кезінде.
Оның айтуынша, Конституцияның алтыншы бөлім екі баптан тұрады. Олар Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты мәселелерді реттейді. Құрамына ел азаматтары кіретін бұл жоғары консультативтік орган Қазақстан халқының мүддесін білдіреді. Оның Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық референдум тағайындау туралы ұсынысқа бастама жасау және басқа да маңызды өкілеттіктері белгіленді.