Жаңа норматив дайындалуда

18.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұс­тау және пайдалану кезеңдерінің барлығына бірыңғай экологиялық талаптарды белгілейтін ве­домстволық нормативті әзірлеп жатыр.

Құжат бірнеше негізгі бағытты қамтиды. Атап айтқанда, топырақтың құнарлы қабатын сақ­тау, жерүсті және жерасты суларының қор­ғалуын қамтамасыз ету, ластаушы заттар шыға­рын­дылары мен шаң түзілуін азайту, шу дең­гейін төмендету, өндіріс және тұтыну қалдық­та­рын ұтымды басқару, сондай-ақ құрылыс жұ­мыстары аяқталғаннан кейін бүлінген ау­мақ­тарды қалпына келтіру талаптары қарас­тырыл­ған.

«ҚазжолҒЗИ» мамандарының айтуынша, эко­логиялық қауіпсіздік бүгінгі таңда заманауи жол инфрақұрылымы сапасының ажырамас бө­­лігіне айналуы тиіс. Жаңа норматив автомобиль жолының өмірлік циклінің барлық ке-

зең­ін­де бірыңғай талаптарды енгізуге, қоршаған ортаға келетін әсерді барынша азайтуға және жол жобаларын іске асыру кезінде табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету­ге мүмкіндік береді.

Осы уақытқа дейін жол саласы қызметінің эко­логиялық аспектілері тек ұсыныс сипаттағы құ­жаттармен реттеліп келді және міндетті талап ре­тінде қолданылған жоқ. Әзірленіп жатқан нор­матив енді бұл талаптарға міндетті түрде орын­далуға тиіс құжат мәртебесін береді.

Нормативте су ресурстарын қорғауға ерекше на­зар аударылған. Жоба құрылыс алаңдарында жерүсті суларын бұру жүйесін ұйымдастыруды, лас­танған суларды тазартуды, тазартылмаған ағын сулардың су объектілеріне төгілуіне жол бер­меуді, сондай-ақ мұнай өнімдері төгілген жағ­дайда жедел әрекет ету шараларын көздейді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью