Жаңа оқу жылында білім бюджеті облыстан аудандарға берілуі мүмкін

22.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

- Білім саласының бюджетін облыстық деңгейден қайта аудандық деңгейге қайтару туралы депутаттар ұсынған түзетулерді Үкімет толығымен зерделеп, қолдау білдіріп отыр. Яғни білім саласының шығындары облыстақ бюджеттен аудандық бюджетке қайтару керек деген ұйғарым бар. Оның ішінде тек балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шығындары мен ыстық тамақпен қамтамасыз ету шығындары облыстық деңгейде қалады, - деді ол депутат сұрағына жауап бере отырып. 

Сондай-ақ, ол аталған түзету жаңа оқу жылында күшіне енуі мүмкін екенін айтады.

- Екінші оқылымға дейін ол түзетулерді заң жобасына енгізіп үлгереміз. Ал жаңа оқу жылына дейін ол түзету күшіне ене ме деген мәселеге келсек, теориялық тұрғыда мүмкіндік бар. Бюджет заңнамасы бұған мүмкіндік береді. Ішіндегі өтемақы арқылы немесе басқа да тетіктер арқылы шығындарды облыстан аудандық деңгейге бағыттау болады, - деді вице-министр.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосуды ұсынған еді

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью