Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
7 мыңға жуық халқы бар Жылыой ауданы Жаңа Қаратон ауылында мәдениет үйі жоқ.
Жаңа Қаратон округі болып құрылғанына 26 жыл өтсе де ауылда мәдениет үйінің болмауы тұрғындардың да наразылығын тудырып жүр. 2023 жылы 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталады.
Мердігер "Ақмешіт-Мелиоратор" ЖШС-і нысанды 2024 жылдың 28 желтоқсанында тапсырамыз деп келісім шартқа отырады. Ғимараттың қадақтары қағылғанымен неге екені белгісіз медігер жұмыс кестесінен артта қалады. Тапсырысшы тарапынан да бірнеше рет ескерту алады.
Бірақ құрылыс айлап тұралап тұрып қалады. Ақыры тапсырысшы, аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі келісім шартты біржақты бұзып, 2024 жылдың 15 сәуірінде Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінеді. Бірақ сот келісім шарттың біржақты бұзылуын заңсыз деп танып, тапсырысшының талап арызын қанағаттырмай тастайды.
-Сот процестері ұзаққа созылды, мердігер де келісім шарттың біржақты бұзылуымен келіспей қарсы сотқа берді. Бірақ тапсырысшы, аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі аппелляциялық шағым беріп, сол жылдың 29 ақпанында қанағаттандырды. Сонымен бірге "Ақмешіт-Мелиоратор" ЖШС-нен 114 900.0 мың теңге аванстық төлемін өндіру мақсатында сотқа беріп, қанағаттандырылды,-дейді аудан әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.
Екі жылға созылған сотқа байланысты құрылыс мүлдем тоқтап қалды. Жуырда жаңа мердігер анықталып, "Орлан" ЖШС танылған. "АЖ" сайтының тілшісі құрылыс басына барғанда жұмысшылар бір күн бұрын келіп, жұмысқа кірісуде.
Бүгінде мұнда оншақты адам еңбек етуде. ЖШС мамандарының айтуынша жылдар өте материалдар қымбаттауына байланысты сметаға өзгеріс енгізілуде.
Ал Жаңа Қаратон тұрғындары болса, көптен күткен мәдениет үйінің ашылуын әлі де күтуде. Ұзақ үзілістен кейін құрылыс енді ғана қайта жанданып келеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор
Бүгін, 14:29