Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Осы орайда ол Сенат пен Мәжілістің өкілеттігі тоқтағаннан кейін екі ай ішінде сайлау өтуі тиіс екенін еске салды.
- Осы іс-шаралар 1 қыркүйекке дейін атқарылады. Ал 1 қыркүйектен бастап жаңа Парламент - Құрылтай өз жұмысына кіріседі. Егер Қазақстан халқы жаңа Конституция жобасын қолдайтын болса, өтпелі кезең ережелеріне сәйкес, біз осы құраммен 1 шілдеге дейін жұмыс істейміз. Содан кейін жаңа Парламент 1 қыркүйекте жұмысын бастайды, - деді Мәулен Әшімбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды.
Жалпыхалықтық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасы қабылданған жағдайда, Ата заңның нақты қашан күшіне енетіні анық жазылған.
Нақтырақ айтқанда, республикалық басылымдарды жарияланған жаңа Конституция жобасының 95-бабында 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті өз өкілеттігін 2026 жылғы 1 шілдеден бастап тоқтататыны жазылған.
Ал Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялайды және ол екі ай ішінде өткізіледі.