Жаңа саяси мәдениеттің бастауы

29.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл – Қазақстан парламента­ризмі мен мемлекеттің жаңа Конс­титуцияда көрініс тапқан мыз­ғы­мас қағидаттарға негізделген саяси жүйесінің дамуындағы жаңа ке­зеңнің басы. 

Шын мәнінде, Негізгі заңда бе­кітілген қағидаттарды заңнамада, мемлекеттік шешімдерде және саяси мәдениетте жүзеге асыру ісі басталды. Ең маңыздысы, аталған өзгерістер қоғамның кең қолдауына ие. 

Саяси партиялар сайлау алдын­да өңірлерді аралап, ауыл-қала тұр­ғындарымен жүздесіп, консти­туциялық құндылықтар мен Пре­зи­дент реформаларының страте­гиялық бағыты халық арасында шынайы қолдау тауып жатқанына тікелей көз жеткізді. Ол қолдау – өзгерістерді жалғастыруға, елді дамыта түсуге деген қоғам сұраны­сының айқын көрінісі. Мұны Құрылтай сайлауының нәтижесі де, кейінгі әлеуметтік зерттеулер де қуаттай түседі. Мәселен, азаматтар­дың 80 пайыздан астамы елімізді дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды. Әсіресе 18 бен 29 аралы­ғын­дағы жастар арасында ол көр­сеткіш тіпті жоғары – 85,4 пайыз. 

Олай болуы заңды да, өйткені Президентіміз жастарға, олардың білім алуына, дамуына, ел өміріне атсалысуына ұдайы көңіл бөліп келеді.

Мемлекет басшысының қазақ­стандық жас буын өкілдерімен үнемі жүздесіп отыратынын еске алсақ та, жеткілікті. Бұл ретте ел өмі­ріндегі аса маңызды оқиғадан соң, яғни жаңа Конституция қа­былдау жөніндегі референдумнан ке­йін өткен кез­десудің мәні айрықша. 

Президент Қазақстан жастары­ның ой-пікірін тыңдап қана қой­май, болып жатқан өзгерістердің мәнін, мемлекет болашағы үшін маңызын жас буынның жете түсі­нуіне ден қояды.

Өйткені ел дамуының страте­гиялық бағыттарына жастардың саналы түрде атсалысуы – қоғам­дық-саяси өзгерістердің маңызды бөлігі.

Көптеген табысты держава­лар­дың даму тарихы жастарды қол­дайтын, оларға жағдай жасап, да­муына инвестиция салып отыратын мемлекеттің өз болашағына да бе­рік іргетас қалайтынын көрсетеді. 

Өз сөзінде Президент өскелең ұрпақ өкілдеріне тағы да арнайы назар аударды. Мемлекет пен заң шығарушылар алдына балалар үшін заңнама деңгейінде жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сон­дай-ақ білім алуы мен дамуына тең мүмкіндіктер жасау жөнінде міндет қойылды. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді және инклюзив орта қалыптастыру ісіне баса назар аударылды.

Тағы бір маңызды мәселе – аза­маттардың ақпараттық кеңістікте қорғалуы. Бүгінде интернет пен әлеуметтік платформалар өміріміз­дің ажырағысыз бөлшегіне айнал­ғаны рас. Қоғам өміріндегі мәселе­лердің елеулі бөлігі де сонда көте­рі­ліп және талқыланып, әлем­дегі, еліміздегі жайттарға деген көптің көзқарасы да сол жер­де қа­лыптасатын болды.

Цифрлық ортаның рөлі алда тек арта түсері анық. Сон­дықтан ақпараттық кеңістіктің ашық­тығын сақтай отырып, аза­мат­тарды жалған ақпарат пен ма­ни­пуля­циядан қорғаудың тиімді те­тіктерін қатар қалыптастыру ма­ңызды. Басқаша айтқанда, ақпа­ратқа еркін қол жеткізу мен оны тарату жа­уап­кершілігі арасында ақылға қоным­ды тепе-теңдік бо­луы қажет. Дәл сол үйлесім онлайн-платформалар мен масс-медиа ту­ралы заңнамада көрініс таба беруге тиіс.

Ел Президенті өз сөзінде мем­лекеттің стратегиялық басымды­ғының біріне – ауқымды цифрлан­дыру мәселесіне де тоқталды.

Қазақстан Цифрлық кодекс және Жасанды интеллект туралы заң қабылдап, елеулі қадам жасап үлгерді. Ендігі міндет – жүйелі транс­формация. Ол – жасанды интеллектіні орта білім беру жү­йесіне енгізу, цифрлық активтер индустриясын дамыту, Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру деген сөз. 

Жаңа Құрылтайда цифр­лан­дыру мәселесіне арнайы мән бері­луі өте орынды. Осы орайда цифр­лық трансформацияны заң­на­малық тұрғыдан қамтамасыз ететін Цифрландыру, инновациялар және ғылым жөніндегі салалық комитет құрылды.

Президент айқындап берген тағы бір стратегиялық міндет – энер­гетикалық қауіпсіздік осы ба­ғыттағы өзгерістермен тікелей бай­ланысты. Еліміздің электр энер­гиясына деген сұранысы эко­номикамен, жаңа өндіріс орын­дарының ашылуымен, инфра­құ­рылымның дамуымен және цифр­ландырумен бірге өсе түспек. Сондықтан қазірдің өзінде Қазақ­станға ертеңгі сұранысты өтей ала­тын энергетикалық жүйе қа­лып­тастыру қажет. 

Бұл ретте энергетика саласын әртараптандырудың, соның ішінде атом мен баламалы энергетиканы қатар дамытудың маңызы зор. Осы орайда АЭС салу жөніндегі бүкіл­ха­лықтық шешім маңызды қадам болды.

Сонымен бірге энергиялық орнықтылық кешенді тәсілді қажет етеді. Елімізге түрлі қуат көзі, за­манауи технологиялар мен мы­ғым инфрақұрылым қажет. Құрыл­тай­дың міндеті – Қазақстан эконо­ми­касы мен технология­сының одан әрі дамуын қамтамасыз ете алатын болашақтың энергети­ка­сына заң­намалық негіз қалау.

Жалпы, Мемлекет басшысы ай­қындап берген кешенді мін­деттерді тұтас алып қарасақ, мәселе жекелеген заңдар қабылдаудан әлдеқайда ауқымды екені анық аңғарылады.

Бүгінде біздің көз алдымызда Прогрессивті, Әділетті, ең алдымен адамның мүддесін көздейтін мем­лекет қалыптасып келеді. Осы тұр­ғыдан алғанда, Құрылтай жұ­мы­сының басталуы – еліміздің инс­титуционалдық дамуында ғана емес, жаңа саяси мәдениет қалып­тастыруында да маңызды кезең.

Бұдан бірнеше күн бұрын ғана партиялар сайлаушылар дауысы үшін бәсекеге түскен еді. Енді оның орнына толыққанды парла­менттік жұмыс басталды. Ондағы саяси көзқарастар айырмашы­лығы қоғамды бөлетін емес, тиімді ше­шімдерді бірлесе табуға мүмкіндік беретін мазмұнды пікір­таласқа негіз болуы керек. Пар­тия­лардың көз­қарасы мен ұстанымы әртүрлі бо­луы мүмкін. Бірақ бар­ша­ға ортақ бағдар – азаматтардың мүддесі, олар­дың әл-ауқатын арт­тыру және ел дамуы жолындағы стра­тегиялық міндеттерді іске асыру.

Құрылтайдың жауапкершілігі мен миссиясы да сонда – саяси әр­алуандықты жалпыұлттық мақ­саттар жолында біріктіріп, жаңа Қазақстан мен оның азаматта­ры­ның жаңа қоғамдық санасын қа­лып­тастыратын негізгі инсти­тут­тың біріне айналу.

Айбек ДӘДЕБАЙ,

Құрылтай Төрағасы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью