Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

07.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Халыққа медициналық көмек пен ветеринария саласының қол­жетімділігі мен сапасын арт­тыруға бағытталған мемле­кеттік саясат Алматы облы­сында да жүйелі жүзеге асырылып келеді. Жақында өңірдің жедел жәрдем қызметі мен ветеринарлық ұйымдарға жаңа қызметтік автокөліктердің кілті табысталып, қос саланың қуанышын еселеді.

Салтанатты шарада облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов өңірдің денсаулық сақтау қызметі мен эпизоотиялық ахуалын сақтауда, тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ветеринариялық ұйымдардың еңбегі ерекше екенін атап өтті.

«Өткен жылды жақсы нәтижемен аяқтадық. Атқарылған істердің қата­рында облыста «Өнеркәсіпті дамыту» қоры ұсынған лизингтік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы жоғары салаларға қолдау көрсетілді. 1,6 млрд теңгеге ветеринария саласына 71 бірлік арнайы техника, сондай-ақ жедел медициналық қызметке 4,4 млрд теңгеге 90 арнайы автокөлік сатып алынды. Жедел жәрдем қызметі – денсаулық сақтау жүйесіндегі ең маңызды сала. Сондықтан медициналық нысандарды салумен қатар, олардың жаңа техникалармен жабдықталуын қамтамасыз етіп, жедел жәрдем автопаркін де кезең-кезеңімен жаңартып келеміз. Мұндағы мақсат – барлық елді мекенде тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге қол жеткізу. Соған орай, бүгін жедел жәрдем қызметі 20 жаңа санитарлық автокөліктермен толықтырылды. Ақпан айына дейін лизингпен қаржыландыру арқылы тағы 70 санитарлық автокөлік жеткізу жоспарланған. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлерден түскен шақыртуға жету уақытын қысқартып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді», деді Қанат Болат­ұлы.

Жаңа «JAC T6», «ГАЗ 231073» автокө­ліктерінің кілті әр ауданнан келген қос саланың еңбек ардагерлеріне салтанатты түрде табысталды. Автокөліктер алғашқы медициналық көмек көрсе­туге арналған қажетті құрал-жабдық­тармен толық қамтамасыз етілген.

Өткен жылы аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 медициналық нысан салу жоспарланған болатын. Бүгінде 36 нысанның құрылысы аяқталып, 12-сі пайдалануға беріліп үлгерді. Олардың қатарында дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт пен медициналық пункт бар. Жақында тағы екі амбулаторияның құрылысы аяқталады. Қазірде облыста 1 жедел жәрдем стансасы, 12 қосалқы станса, 64 ауылдық дислокация жұмыс істейді.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы ветеринария бөлімшелеріне 13 автокөлік берілген, саланың автопаркі 68%-ға жаңартылған. Жаңа автокөліктер ветеринария мамандарының жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге, профилактикалық, эпизоотияға қарсы іс-шараларды дер шағында жүргізуге мүмкіндік береді.

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

Экономика • Бүгін, 15:20

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Саясат • Бүгін, 15:05

Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды

Жәдігер • Бүгін, 14:45

Израилдің батыс жағалауында 4G іске қосылды

Саясат • Бүгін, 14:00

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 13:35

Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?

Саясат • Бүгін, 13:11

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

Әлем • Бүгін, 12:40

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Спорт • Бүгін, 12:15

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 12:03

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Оқиға • Бүгін, 11:37

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Футбол • Бүгін, 11:26

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

Аймақтар • Бүгін, 10:50

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью