Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Оның айтуынша, заң жобасы энергия жинақтау жүйелерін реттеудің жаңа моделін енгізуді көздейді. Оған сәйкес жобаларды іріктеу қуаттылық нарығында аукциондар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жүйелерді енгізу көлемдері KEGOC жүйелік операторымен бірлесіп, энергия жүйесінің нақты қажеттіліктеріне қарай айқындалады.
— Ағымдағы бағалауларға сәйкес, энергия жүйесінің энергия жинақтау жүйелеріне деген қажеттілігі шамамен 3 ГВт-ты құрайды. Оның ішінде үкіметаралық келісімдер аясында іске асырылатын жобалар бойынша шамамен 1,4 ГВт енгізу жоспарланған. Энергия жинақтау жүйелері энергия жүйесін теңгерімдеудің, оның орнықтылығын арттырудың және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялаудың негізгі құралы ретінде қарастырылады. Осы жүйелер үшін 15 жылға дейінгі мерзімге жасалатын ұзақ мерзімді шарттар негізінде бірыңғай сатып алушы төлейтін қуаттың қолжетімділігі үшін қызмет енгізіледі, — деді вице-министр.
Сұңғат Есімхановтың сөзіне қарағанда, энергия жинақтау жүйелерін пайдалану ең жоғары жүктеме сағаттарында электр энергиясын беруге мүмкіндік береді. Ресей Федерациясынан электр энергиясын импорттау қажеттілігін төмендетеді. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады және түпкілікті тұтынушылар үшін электр энергиясының құнының өсуіне әкелмей, тұтастай алғанда энергия жүйесі үшін оң экономикалық әсер қалыптастырады.
Бұған дейін Энергетика министрлігі елдегі энергетикалық кәсіпорындарда қосымша қуаттарды енгізу және жұмыс істеп тұрған қуаттарды қалпына келтіру мәселесін пысықтап жатқанын жазған едік.