Жаңа ұшақтармен қамтамасыз етуде қандай проблема бар

23.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

- Жыл сайын елімізде әуе көлігінің паркі толықтырылып жатыр. Биыл жаңа 9 ұшақ жеткізіледі деп жоспарланған. Пандемиядан кейін әлемде жолаушылар саны айтарлықтай өсті. Бұл тұрғыда концерндер жаңа ұшақтарды құрастырып үлгере алмай жатыр, сондай-ақ жаңа ұшақтарды жеткізу үнемі кешіктіріліп отырады, - деді С. Томпиева.

Осы орайда ол барша әлемде жолаушы тасымалында кемшілік байқалып жатқанын айтты. 

Бұдан бөлек комитет басшысы 2025 жылы жүргізілген авиациялық қауіпсіздік аудитінің нәтижесі шыққанын жеткізді. Оның негізінде еліміз 95,7 пайыз деңгейінде бағаланған. 

- Бұл тұрғыда ТМД-да елдері арасында бірінші орындамыз және әлемдік деңгейде топ-20 құрамына ендік, - деді Салтанат Томпиева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев FlyArystan-ның бұрынғы қызметкерінің ұшақ билетіне қатысты жариялаған ақпараты тексеріліп жатқанын айтты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью