Жаңа жүйе тұрғын үй көмегіне шын мұқтаж азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді

11.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Оның айтуынша, тұрғын үй көмегі 1999 жылдан бері қолданылып келеді және әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж азаматтарға беріледі. Бұрын өтініштер тек қағаз түрінде қабылданған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарының жаңартылған нормасына сәйкес келітіру қажет. 

— Ол кезде азаматтар құжаттарын жеке өздері әкеліп тапсыратын. Біз өтініш берушінің өзіне сеніп, құжаттарды сол жерде қабылдайтынбыз, — деді басқарма өкілі. 

Биыл тұрғын үй көмегін рәсімдеу жүйесі жаңартылды. Енді азаматтар өтінішті электронды түрде eGov порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы бере алады. 
Сонымен қатар жаңа жүйе барлық өңірлер үшін бірыңғай стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді. Жүйе арқылы бір үйде нақты қанша адам тұратынын анықтап, олардың табыстары автоматты түрде есептеледі. Барлық мәліметтер жүйеде ашық түрде көрсетіледі.

Осылайша, жаңа цифрлық тетіктердің көмегімен тұрғын үй көмегіне шын мәнінде мұқтаж азаматтарды дәл анықтау мүмкіндігі артады.

Бұған дейін Үкімет тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесін қарайтынын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью