Жаңа жұқпалы аурулардың едәуір бөлігі жануарлардан тарайды дәрігер

07.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, зооноздық инфекциялар жануарлардан адамға табиғи жолмен жұғады. Жаңа жұқпалы аурулардың едәуір бөлігі жануарлардан тарайды және бүкіл әлем бойынша халық денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

– Ең кең таралған зооноздарға құтырма, сарып, лептоспироз, сальмонеллёз, сондай-ақ орнитоз, токсоплазмоз және басқа да инфекциялар жатады. Бұл аурулар ауыр түрде өтіп, күрделі асқынуларға, кей жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Инфекцияның негізгі көздері: үй жануарлары (мысықтар, иттер), ауыл шаруашылығы жануарлары (ірі қара мал, шошқалар, құстар), жабайы жануарлар, кеміргіштер, – деді Әсел Қалықова.

Санитариялық дәрігер инфекцияның адамға берілуінің негізгі жолдарын атады:
- Инфекция жануарлармен байланыс кезінде немесе олардың сілекей, қан, зәрі арқылы жұғады.
- алиментарлық жол: инфекциясы бар тағамды (ет, сүт, жұмыртқа) қолданғанда беріледі.
- аэрогендік жол: инфекция құрамында қоздырғыштары бар шаң немесе аэрозоль арқылы ауа арқылы таралады.
- трансмиссивтік жол: инфекция тасымалдаушылар (кенелер, масалар, бүргелер) арқылы беріледі.

– Жануарлармен тығыз байланыс, ветеринарлық бақылаудың болмауы, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамау, сапасыз тағам өнімдерін пайдалану – инфекция жұқтыру қаупіне әкеледі. Зооноздық инфекциялардың алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау маңызды. Сондай-ақ жануарларды күту немесе шикізатпен жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажет. Одан бөлек үй және ауыл шаруашылығы жануарларын тұрақты ветеринариялық тексеруден өткізу, жануарларды вакцинациялау, кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы өңдеу жүргізу керек, – деді ол.

Еске салайық, Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью