Жаңа жыл мерекесі: халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

31.12.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы жаңа жыл мерекесіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіндегі өзгерістерді жариялады.

Корпорация мәліметінше, 2026 жылдың 1-2 қаңтарында, сонымен қатар 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

"3 қаңтар, сенбі күні, кезекші ХҚКО мен МХҚКО үшін жұмыс күні болып табылады. Азаматтарды қабылдау 09.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар 5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Бұл күндері еліміздегі барлық ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі кесте бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, соның ішінде мамандандырылған орталықтар, жұмыс күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен МХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні 09.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью