Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Жаңа жыл мейрамы алдындағы азық-түлік бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде үкімет алыпсатарлық схемаларды зерделеуге кірісті. Себебі азық-түліктің кейбір түрлері үнемі қымбаттап отырады.
"Бұл – таңғаларлық жағдай. Бәлкім, алыпсатарлық факторлар бар. Егер ондай жағдайлар анықталса, қатаң шара қолданамыз. Біз алыпсатарлардың баюына жол бере алмаймыз", - деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, Жаңа жылдың алдында баға халық дүрлігетіндей көтерілмеуі керек.
"Стандартты, белгілі бір деңгейде өсетін шығар. Бірақ баға халық дүрлігіп кететіндей көтерілмейді деп ойлаймын. Сосын қазіргі инфляцияның негізгі себебін тағы бір еске салғым келіп тұр. Бізге бірнеше реформаны бір уақытта іске асыруға тура келді. Соның барлығы инфляцияға әсер еткен. Өкінішке қарай, сыртқы факторлар да бар",-деп атап өтті вице-премьер.
Үкімет бұл жағдайды алдағы екі жылда жақсартуға мүдделі.