Жаңа жыл қарсаңында Петропавл қаласы ертегі кейпіне енді

20.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бір ерекшелігі биыл облыс орталығы бірыңғай үлгіде безендірілген.

Қалада дәстүрлі шыршалар, сәулелі шамдармен қатар жұртшылыққа кеңінен таныс ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері орнатылды. Саябақтар мен алаңдарда мұз айдындары құйылды. Жаңа жылдық демалыс орны ретінде белгіленген он аумақты безендіруге жергілікті кәсіпкерлер атсалысты. Қаланың көз тартатын көркем келбеті үлкеннің де, кішінің де көңілінен шықты.

Тимур Жұманов, Петропавл қ. әкімінің баспасөз хатшысы:

- Әсіресе балалардың демалысына ерекше көңіл бөлдік. Жеңіс саябағында шырша, балдырғандар мен жасөспірімдерге арналған екі сырғанақ орнаттық. Сонымен қатар үлкен сырғанақтар «Бірлік» шағын ауданындағы саябақта, Пёстрое көлінде және облыстық әкімшіліктің алдына қойылды. «Береке» шағын ауданындағы саябақта  жаяу серуенге арналған аумақ  түрлі жарықшамдармен, әшекейлермен безендірілді. Бұның бәрі жұртшылықтың жаңа жылдық көңіл күйіне игі ықпал етері сөзсіз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью