Жаңа жылда Қытайдан Қазақстан мен Өзбекстанға келген туристер легі екі есеге артты

06.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Qunar жетекші туристік онлайн-платформасының есебіне сәйкес, жаңа жыл мерекесі кезінде шетелге саяхаттауды жоспарлаған қытайлық туристердің таңдауы Азия елдеріне  түскен. Ал шетелдік бағыттар бойынша Сеул көш басында.

Алайда ең айқын өсім Қазақстан, Өзбекстан және Грузия елдерінде байқалды. Бұл мемлекеттерге әуе билеттерін брондау саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге артқан. Сала сарапшылары мұндай жоғары сұранысты ҚХР азаматтары үшін визасыз режимнің енгізілуімен байланыстырып отыр.

Сонымен қатар, елдерге келетін кірме туризм сегментінде де шетелдік қонақтардың күрт көбеюі тіркелді. Ерекше қызығушылық Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Хайнань аралдық провинциясына ауды. Бұған өткен жылдың желтоқсан айында бүкіл арал аумағында «тәуелсіз кедендік операциялар» режимінің іске қосылуы себеп болып, туристік нарықтың жандануына серпін берді.

Шетелдік азаматтар арасында брондау көрсеткішінің өсу қарқыны бойынша Санья қаласы көш бастады — бұл жерде көрсеткіш 5 есеге артқан. Ал Хайкоу қаласында брондау көлемі 3 есеге өсті. Қаңтардың басында Хайнаньға келген шетелдік туристердің негізгі легін Малайзия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Аустралия және Ресей елдерінің азаматтары құрады.

Айта кетейік, Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 38,1%-ға өсті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью