Жаңабыловтар отбасындағы жаңа жанжал ұстаумен аяқталды

01.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жанәбіловтер отбасы тағы да назарға ілікті. Бұл жолы жанжал әлеуметтік желілерде жүздеген қазақстандықтың көз алдында өрбіді. Ерболат Жанәбіловтің жұбайы Эльмира Төлегенова күйеуінің үстінен көпшілік алдында шағымданып, жанжал кезінде киім бөлмесіне тығылып, есікті ішінен іліп алғанын мәлімдеді. Жағдайды полиция тексерді, деп хабарлайды Tengri Life.

"Есікті іліп алдым, киім бөлмесінде отырмын"

Төлегенованың күйеуі мен оның отбасына шағымданған бейнежазбалары алдымен оның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында пайда болды. Онда блогер күйеуі мен оның туыстарынан жасырыну үшін киім бөлмесіне кіріп алғанын айтқан.

"Күйеуім менің жеке заттарымды, телефондарымды, әлеуметтік желілерімді тартып алып жатыр. Мен есікті іліп алып, киім бөлмесінде отырмын, мұнда екінші телефоным бар. Ол туыстарымен - аға-інілерімен бірге осында басып кіруге тырысып жатыр. Олар мені айтқанына көндірмек болып, әлеуметтік желілерге олардың отбасына қатысты бірдеңе жариялап жібере ме деп қауіптенеді", - дейді Төлегенова бейнежазбада.

Кейінірек видео оның парақшасынан өшірілді. Дегенмен, кейбір қолданушылар роликті сақтап үлгеріп, оны өз парақшаларында қайта жариялады.

Көп ұзамай бұл оқиға жалғасын тапты - Төлегенова бірнеше сторис жариялап, жұбайымен ажырасу процесінде екенін хабарлады.

Сондай-ақ "бұл әулет туралы бүкіл шындықты" айтатыны туралы қоқан-лоқылар мен қарым-қатынастағы "үшінші адам" туралы тұспалдар жарияланды. Бірақ олар да көп ұзамай өшірілді.

Әлеуметтік желіден скриншот

Әлеуметтік желіден скриншот

Ол күйеуі тарапынан қол көтеру болмағанын ерекше атап өтті, сондай-ақ оқырмандарына барлық мән-жайды кейінірек айтып беруге уәде берді.

Жанәбілов уақытша ұсталды

Астана қалалық ПД мәліметінше, 30 қыркүйекте полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Threads желісінен блогер Э. Т.-ның жұбайы Е. Ж.-мен болған жанжал фактісі бойынша үндеуі түсірілген бейнежазбаны анықтаған.

"Бейнежазбада әйел болған жанжалдың мән-жайын айтып, қолындағы қызаруды көрсетеді. Аталған факт бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Тексеру барысында ерлі-зайыпты арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталды", - деп хабарлады полиция.

Ведомство жұбайының полицияға арыз түсіруден бас тартқанын атап өтті.

"Сонымен қатар Ж. Е.-ге қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін әкімшілік материал толтырылды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды", - деп нақтылады полициядағылар.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Департаменттегілер 28 тамызда блогер пробациялық бақылау талаптарын бұзғанын - сағат 22:00-ден кейін өзі көрсеткен тұрғылықты жерінде болмағанын, бұзушылық фактісі бойынша материалдар да сотқа берілгенін айтты.

Жанәбіловтер деген кім?

Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова - қазақстандық блогерлер әрі ерлі-зайыпты. 2025 жылы олардың есімдері автокөліктер, смартфондар және ақшалай сыйлықтар ұтысына байланысты ірі даудың ортасында қалды.

2025 жылғы тамызда блогерлер 11 автокөлік ұтысын жариялады. Кейінірек ұтысқа қатысу үшін құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business оқу курсын сатып алу қажет екені белгілі болды. Осыдан кейін қолданушылар мемлекеттік органдардан акцияның заңдылығын тексеруді сұрады.

Алдымен Жанәбіловтерге қатысты әкімшілік тексеру басталды. Кейінірек материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне беріліп, ол бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметінше, онлайн-курстар лицензияланбаған лотерея өткізу үшін бүркеме ретінде пайдаланылуы мүмкін, ал жобаға қатысты шоттарға азаматтардан 247 миллион теңгеден астам қаражат түскен.

2026 жылдың сәуірінде сот ерлі-зайыптыны кінәлі деп таныды. Ерболат Жанәбіловке мүлкі тәркіленіп, шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал Эльмира Төлегеноваға мүлкі тәркіленіп, жазасын өтеу мерзімін екі жылға шегере отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сондай-ақ ерлі-зайыпты іс аясында қаражатты толық қайтарды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью