Жанабыловтар тағылған айыппен келісе ме блогердің жұбайы жауап берді

16.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаевтың айтуынша, айыпталушылар заңсыз кәсіпкерлік арқылы 274 миллион теңге көлемінде табыс тапқан. Оның 60 миллион теңгесі депозиттік шоттарға салынып, нәтижесінде 560 мың теңге көлемінде қосымша пайда түскені анықталған.

Сот санкциясымен 10 автокөлікке, оның ішінде Lamborghini Urus және Lexus LX 600 көліктеріне, сондай-ақ 17 дана Apple iPhone ұялы телефонына тыйым салынды. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, тәркіленген мүліктің барлығы «Жаңа бизнес» ЖШС атына тіркелген.

Айыптау актісі жарияланғаннан кейін сот төрағасы айыпталушылардан тағылған айыппен келісетін-келіспейтінін сұрады. Алайда блогерлер бұл сұраққа нақты жауап беруден бас тартты.

— Қазіргі кезеңде бұл сұраққа жауап беруден бас тартамын. Себебі қорғаушыммен бірге өз ұстанымымыз бар. Біз оны сотта жауап беру барысында, барлық куәлардан жауап алынып, іс материалдары толық зерттелгеннен кейін ғана мәлімдейміз. Сол кезде бұл мәселеге қатысты пікір білдіремін, — деді Эльмира Төлегенова.

Еске салайық, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға Қылмыстық кодекстің 214-бабы (заңсыз кәсіпкерлік) және 218-бабы (қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру) бойынша айып тағылып отыр.

Айта кетейік, жақында сот Жанабыловтардың ісін прокуратураға қайтарудан бас тартқаның жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью