Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фото: Электрондық сауда порталы
Электрондық сауда порталындағы мәліметте айтылғандай, аталған саудаға құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар ғана өтінім бере алған. Сейсенбі күні кешке сауданың мәртебесі «өтті» деп өзгертілді.
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
2025 жылы шығарылған Hyundai Elantra маркалы 8 автокөліктің барлығы мемлекеттік органдарға берілді. Сауда сипаттамасында өтінімді құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, сондай-ақ Президенттің, саяси мемлекеттік қызметшілер мен депутаттардың қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар бере алғаны көрсетілген.
Жеті көліктің әрқайсысы 8 395 000 теңгеге бағаланса, бір автокөліктің құны одан 5 мың теңгеге төмен болған. Көліктер сотталған Эльмира Төлегенова құрылтайшысы болып саналатын «Zhana Business» ЖШС-нің атына тіркелген.
Еске салайық, Ерболат Жанабыловқа мүлкі тәркіленіп, 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал Эльмира Төлегенова 2 жылға бас бостандығынан айырылып, жазаны өтеу кейінге қалдырылды. Блогерлер мемлекетке келтірілген 247 653 229 теңге көлеміндегі материалдық шығынды толық өтеді. Оларға 27 сәуірде Астана соты үкім шығарды.