Жаңадан салынған жол неге қайта жөнделеді? Маман нақты түсініктеме берді

26.01.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Осы жөнінде Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының инженері Нұрғұлан Аманжолұлы түсініктеме берді.
Маманның айтуынша, жолдың қайта жөнделуі көбіне мердігер мекемелердің жауапкершілігіне байланысты.
«Ең көп еститін сұрақ – жаңадан салынған жолды неге қайта жөндеп жатады? Бұл жерде мәселе былай: егер мердігер мекеме тарапынан қандай да бір ақаулар болса және ол кемшіліктер жол сапасын бақылайтын біздің тарапымыздан анықталса, сондай-ақ бұл ақаулар кепілді мерзім ішінде белгілі болса, мердігер мекеме жолды өз қаражатына қайтадан салуға міндетті», – дейді Нұрғұлан Аманжолұлы.

Инженердің сөзінше, кей жағдайда жол толықтай емес, тек кемшілік анықталған бөліктер ғана қайта жөнделеді. Яғни, жолдың сапасыз салынған тұстары фрезерленіп, сол учаскелерде қайта құрылыс (перестройка) жұмыстары жүргізіледі.
«Мердігер салған жолдың қай бөлігінде ақау анықталса, тек сол жерлерде ғана қайта жөндеу жүргізіледі. Бұл – сапаны қамтамасыз ету үшін жасалатын қалыпты процесс», – деп атап өтті маман.

Нұрғұлан Аманжолұлының айтуынша, мұндай техникалық талаптар мен кепілдік міндеттемелерін көп жағдайда қарапайым тұрғындар біле бермейді. Соның салдарынан «бір жолды қайта-қайта салып жатыр» деген жаңсақ пікір қалыптасады.
Маман әрбір жол нысанына жеке-жеке баға беру қажет екенін де еске салды. Өйткені әр жолдың құрылысы, қолданылған материалдары мен пайдалану жағдайы әртүрлі.
Қорытындылай келе, жолдың қайта жөнделуі – бюджет қаржысын ысырап ету емес, керісінше, жол сапасын бақылау және мердігердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған шара. Бұл жұмыстар жолдардың ұзақ мерзім қызмет етуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью